8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз сезiм)
Армандардың айдынын алса кемең,
Жүрек,шiркiн,соғады қанша елең.
Артық па екен, бiлмедiм,емес шығар?
Арналса да қыздарға қаншама өлең.
Жыр дегенiң сезiмтал тамшы ғана,
Сол тамшыда жатады ар-шұғыла.
Қыз болмаса жақсы жыр жазыла ма,
Болмаса олар әдемi ән шыға ма?
Бас иiп табиғаттың iзгi арына,
Әсемдiктiң көз салдық бiз бағына.
Қазақтың ән өнерi,жыр өнерi,
Қарыздар ғой алдымен қыздарына.
Жүрек,шiркiн,соғады қанша елең.
Артық па екен, бiлмедiм,емес шығар?
Арналса да қыздарға қаншама өлең.
Жыр дегенiң сезiмтал тамшы ғана,
Сол тамшыда жатады ар-шұғыла.
Қыз болмаса жақсы жыр жазыла ма,
Болмаса олар әдемi ән шыға ма?
Бас иiп табиғаттың iзгi арына,
Әсемдiктiң көз салдық бiз бағына.
Қазақтың ән өнерi,жыр өнерi,
Қарыздар ғой алдымен қыздарына.
Қыз жайлы айтса ақынның тiлегi мың,
Арудың сезiмi-Ай,жүрегi-күн.
Мұңға толды көңiлi бiр арудың,
Гүлге толды құшағы бiреуiнiң.
Керегi бар ма ендi сыналудың,
Сезiмi жұлдыз болып тұр арудың.
Бiр ару сүйгенiнен алса сыйлық,
Кiрпiгi шыққа оранды бiр арудың.
Көктем болып сезiмнiң келдi күнi,
Қашан да болсын ұзақ ел ғұмыры.
Бiр ару қимасына қош айтысса,
Сүйгенiне асықты ендi бiрi.
Арудың сезiмi-Ай,жүрегi-күн.
Мұңға толды көңiлi бiр арудың,
Гүлге толды құшағы бiреуiнiң.
Керегi бар ма ендi сыналудың,
Сезiмi жұлдыз болып тұр арудың.
Бiр ару сүйгенiнен алса сыйлық,
Кiрпiгi шыққа оранды бiр арудың.
Көктем болып сезiмнiң келдi күнi,
Қашан да болсын ұзақ ел ғұмыры.
Бiр ару қимасына қош айтысса,
Сүйгенiне асықты ендi бiрi.
Бола ма махаббаттың күшiнде мiн?
Сыңарыңа сезiмнiң ұсын кенiн.
Қалады ма арулар,бәлкiм,талай,
Қыз-жанын жiгiтiнiң түсiнгенiн.
Қыз-жаны,бәлкiм,сырлы өлең шығар,
Қыз-кеуде-мүмкiн,биiк емен,шынар.
Талай ару сонда да сүйгенiне,
"Ұқпадың-ау жанымды" деген шығар.
Естiдiк пе олардың күрсiнгенiн,
Жанының ұға алдық па тылсым кенiн.
Шәйi орамал секiлдi қыз болмысы,
Жырларыма арқау боп жүрсiң менiң.
Сыңарыңа сезiмнiң ұсын кенiн.
Қалады ма арулар,бәлкiм,талай,
Қыз-жанын жiгiтiнiң түсiнгенiн.
Қыз-жаны,бәлкiм,сырлы өлең шығар,
Қыз-кеуде-мүмкiн,биiк емен,шынар.
Талай ару сонда да сүйгенiне,
"Ұқпадың-ау жанымды" деген шығар.
Естiдiк пе олардың күрсiнгенiн,
Жанының ұға алдық па тылсым кенiн.
Шәйi орамал секiлдi қыз болмысы,
Жырларыма арқау боп жүрсiң менiң.
Өтер өмiр ойласа көз iлеспей,
Сенiмдi едi қашан да өзiне iштей.
Құрбысын таңдап кеттi көздегенi,
Жiгiтке ғашық едi-ау өзi де iштей.
Кездескендей болды да қырдан сағым,
Сол күнi төктi көңiл мұң моншағын.
Қимай тұрды құрбыға қалағанын,
Қайтерсiң қыз-көңiлдiң қызғаншағын.
Сезiмiн iштей солай құрбан қылған,
Арман боп қалды күндер "ұрландырған".
Көктемiне асыққан қыз жүрегiн,
Мың тамшы жуды сол күн мұңнан тұрған.
Сенiмдi едi қашан да өзiне iштей.
Құрбысын таңдап кеттi көздегенi,
Жiгiтке ғашық едi-ау өзi де iштей.
Кездескендей болды да қырдан сағым,
Сол күнi төктi көңiл мұң моншағын.
Қимай тұрды құрбыға қалағанын,
Қайтерсiң қыз-көңiлдiң қызғаншағын.
Сезiмiн iштей солай құрбан қылған,
Арман боп қалды күндер "ұрландырған".
Көктемiне асыққан қыз жүрегiн,
Мың тамшы жуды сол күн мұңнан тұрған.
Махаббаттан қалған iз жойылмайды екен-ау,
Мұны iштей бар адам мойындайды екен-ау.
Асығы егер түспесе алшысынан өмiрде,
Сұлудың да кемесi қайырлайды екен-ау.
Мұны сезген қыз-көңiл бекiнедi екен-ау,
Уақытпен жан жара жетiледi екен-ау.
Сырты күлiп жүрсе де мына думан қоғамда,
Сұлулар да өмiрде өкiнедi екен-ау.
Сезiмнiң де желкенi құлап тұрады екен-ау,
Жүректердi мәңгiлiк тұрақ қылады екен-ау.
Әрбiр пенде үңiлiп,ой көзiмен қараса,
Сұлудың да жүрегi жылап тұрады екен-ау.
Мұны iштей бар адам мойындайды екен-ау.
Асығы егер түспесе алшысынан өмiрде,
Сұлудың да кемесi қайырлайды екен-ау.
Мұны сезген қыз-көңiл бекiнедi екен-ау,
Уақытпен жан жара жетiледi екен-ау.
Сырты күлiп жүрсе де мына думан қоғамда,
Сұлулар да өмiрде өкiнедi екен-ау.
Сезiмнiң де желкенi құлап тұрады екен-ау,
Жүректердi мәңгiлiк тұрақ қылады екен-ау.
Әрбiр пенде үңiлiп,ой көзiмен қараса,
Сұлудың да жүрегi жылап тұрады екен-ау.
Тұрғандай-ақ көзге iлмей,
Болса да iште сенiм-iз.
Сағынғанын бiлдiрмей,
"Сағынбадым" дедi қыз.
Сезiм деген шер-бүлiк.
Махаббатқа сене алу.
Өзiн өзi сендiрiп,
"Iздемедiм" дедi ару.
Сол едi iштей тiлегi,
Сүйетiнiн бiлдi қыз.
Мұңданса да жүрегi,
Жылап тұрып,күлдi қыз.
Еске алып ой кешiн,
Айтты ма анық қыз сөзiн.
Тәкаппарлау,қайтесiң,
Тек осылай қыз-сезiм.
Болса да iште сенiм-iз.
Сағынғанын бiлдiрмей,
"Сағынбадым" дедi қыз.
Сезiм деген шер-бүлiк.
Махаббатқа сене алу.
Өзiн өзi сендiрiп,
"Iздемедiм" дедi ару.
Сол едi iштей тiлегi,
Сүйетiнiн бiлдi қыз.
Мұңданса да жүрегi,
Жылап тұрып,күлдi қыз.
Еске алып ой кешiн,
Айтты ма анық қыз сөзiн.
Тәкаппарлау,қайтесiң,
Тек осылай қыз-сезiм.
Фото: Әйгерім Тоқсанбек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?