Күләш Ахметова (IV бөлім)

 Күләш Ахметова (IV бөлім)

Қандай бақыт еріктер гүлдегені,
Қамығуды, ойлауды білмегені.
Қандай бақыт жапырақ билегені.
Қандай бақыт басқаны сүймегенім.
* * *
Жай ғана тербеледі
Шынардың жапырағы.
Сен жүрген жерге мені
Бір биік шақырады.
Жоқ қуған жолаушымын,
Іздерім жатыр құмда.
Ақ таудың сонау шыңы
Сен болып шақырдың ба?
Алыстан қол бұлғайды
Ақ сағым еркелеген.
Көрсем деп сол арайды
Оянам ертеменен.
Өз сырым — бар айтарым —
Шешімі ақылдың да.
Сен болып арай таңым
Сағынтып шақырдың ба?
Жақсымды досқа арнағам,
Емеспін жақын мұңға.
Жолым боп басталмаған
Сен мені шақырдың ба?
* * *
Үмітті мезгіл жеңсе де,
Тәкаппар, асқақ еңсемен,
Тағдыр деп танып өзіңді,
Жақсылық күтем мен сенен.
Жұбату күтем — жыласам,
Қолымды созам — құласам.
Өзің біл, жаным, аясаң,
Өзің біл, жаным, сынасаң.
Жылатам десең сен...
Мейлің,
Сенбеймін бірақ,
Сенбеймін.
Жамандық жасау ешқашан
Қолыңнан сенің келмейді.
Сондықтан саған сенем мен.
Көзімде мұңға бөленген
Өлеңмен,
Иә!
Өлеңмен
Өзіңе ұшып келем мен.
Түсінем десең, өзің біл,
Түңілтем десең, өзің біл.
Түсіме кірмеген сезім — бұл,
Түсіндіре алмайтын кезім — бұл!
* * *
Туған жер топырағында қатар өскен
Бала едік.
Ол күн қалай кетер естен!
Арманым сен ғана деп тұрсың бүгін,
Жоқсың ба қалауыңнан қателескен?
Шын шешім жүрегіңмен етеріңде,
Ескер менің шартым бар екенін де.
Жаның — жомарт, мақсатың — өр болса
Қазақтың қасиетті мекеніндей,
Адал бол, азаймасын бірақ та айбын,
Айбынды жігіт көңілін құлатпаймын.
Таулардың паңдығына қызығам мен,
Ұсақ, жеңіл жандарды ұнатпаймын.
Білмеппін жүрегіңде барын мұнша ән,
Бұлаңдаған осынау шағым бір сән.
Өзіңнен қалай алыс кете алармын,
Тамаша қасиеттермен табындырсаң.
* * *
Өткен іске өкініш жоқ дей тұра,
Өткен дәурен, келер уақыт — екі күш.
Албырт жылдар ала кеткен бейкүнә
Балалық шақ оралмасы — өкініш.
Бүгін таңда көңілі толмай жатқандар
Болса-дағы келер күннен үміткер,
Өткен күнді сағынатын шақтар бар
Келешектің жетегінде жүріп те

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?