Күләш Ахметова (Мұң)
Сен кеттің, апа, кешікпей
Сездім мен өмір салмағын.
Бауырым жылап бесікте
Жатты,
мен жұбата алмадым.
Анасыз көңіл дерті — ерек,
Сезіндім өмір дауылын.
Есейтті мені ертерек
Бесікте қалған бауырым.
Игі еді қамқор бола алсам,
Көктем де келер көк шығып...
Есейтті мені сонан соң
Соғыстан соңғы жоқшылық.
Ала көздерге жолығып
Ертерек жіп пен ине алдым.
Үйрендім ерте сөз ұғып,
Көбісін ұқпай қиналдым.
Ұзартайын деп жолымды —
Асығуды да үйрендім.
Аяудан қашып
жоғымды
Жасыруды да үйрендім.
Ертерек мұңмен достастым,
Қияға жолым бұрылды-ау.
Қуыршақпен де қоштастым
Құрбыларымнан бұрындау.
Қолдады сонда көп сенім,
Қолпаштай сыйлап ел мені.
Бәріне сендім, тек сенің
Келмейтініңе сенбедім.
Сенбедім — сені жоқ десе ел,
Сарыла күттім жолдардан.
Көктемде төкті көк те сел,
Келмейтіндігің болды арман!
Қамығып ерте үлгердім,
Қарады туыс аяған.
Қалайша сенсіз күндерді
Бақытты еді дей алам?
Ішімнен тынам әлі мен,
Іздетіп қанша өтті ай, күн.
Керек ең маған бәрінен,
Әлі де сені жоқтаймын.
Өтінен қашып ызғардың,
Шешімге келдім неше осы:
Жанынан ерте қыздардың
Кетпесе екен шешесі!
Қамыққанымда, тарыққанымда,
Думан тойлардан жалыққанымда,
Қараңғы түнім мен жарық таңымда
Сен шықпадың есімнен, ана.
Гүл алғанымда, қуанғанымда,
Өзенге барып су алғанымда,
Жылағанымда, жұбанғанымда
Сен шықпадың есімнен, ана.
Қатал тағдырдың дауылдарында,
Ақ бораны мен жауын, қарында,
Алданғанымда, ауырғанымда,
Сен шықпадың есімнен, ана.
Сен шықпадың есімнен, ана
Сездім мен өмір салмағын.
Бауырым жылап бесікте
Жатты,
мен жұбата алмадым.
Анасыз көңіл дерті — ерек,
Сезіндім өмір дауылын.
Есейтті мені ертерек
Бесікте қалған бауырым.
Игі еді қамқор бола алсам,
Көктем де келер көк шығып...
Есейтті мені сонан соң
Соғыстан соңғы жоқшылық.
Ала көздерге жолығып
Ертерек жіп пен ине алдым.
Үйрендім ерте сөз ұғып,
Көбісін ұқпай қиналдым.
Ұзартайын деп жолымды —
Асығуды да үйрендім.
Аяудан қашып
жоғымды
Жасыруды да үйрендім.
Ертерек мұңмен достастым,
Қияға жолым бұрылды-ау.
Қуыршақпен де қоштастым
Құрбыларымнан бұрындау.
Қолдады сонда көп сенім,
Қолпаштай сыйлап ел мені.
Бәріне сендім, тек сенің
Келмейтініңе сенбедім.
Сенбедім — сені жоқ десе ел,
Сарыла күттім жолдардан.
Көктемде төкті көк те сел,
Келмейтіндігің болды арман!
Қамығып ерте үлгердім,
Қарады туыс аяған.
Қалайша сенсіз күндерді
Бақытты еді дей алам?
Ішімнен тынам әлі мен,
Іздетіп қанша өтті ай, күн.
Керек ең маған бәрінен,
Әлі де сені жоқтаймын.
Өтінен қашып ызғардың,
Шешімге келдім неше осы:
Жанынан ерте қыздардың
Кетпесе екен шешесі!
Қамыққанымда, тарыққанымда,
Думан тойлардан жалыққанымда,
Қараңғы түнім мен жарық таңымда
Сен шықпадың есімнен, ана.
Гүл алғанымда, қуанғанымда,
Өзенге барып су алғанымда,
Жылағанымда, жұбанғанымда
Сен шықпадың есімнен, ана.
Қатал тағдырдың дауылдарында,
Ақ бораны мен жауын, қарында,
Алданғанымда, ауырғанымда,
Сен шықпадың есімнен, ана.
Сен шықпадың есімнен, ана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?