Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)

 Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)

Ертеңгі сыйды кім білген,
Бір күнін, артық бір күннен.
Көрмеген Шаған, мінекей,
Жағаңа келіп тұрмын мен.
Салыпсың өрнек нақыштап,
Адаммен адам қатыспақ.
Осылай қарай жүрерде,
Сәлем де деген Ақұштап.
Өрілді өзің дегенде ой,
Төмендей көрме, төмендей.
Сызылып ағып жатырсың,
Ақын қыз жазған өлеңдей.
Айдынға нұрын шашыпты ай.
Толқисың үнсіз ғашықтай.
Адамдар өтер асығып,
Ағарсың өзің асықпай.
Шымырлай аққан Шағансың,
Қандай жан саған тағар сын?
Ұрпақтар өтер ауысып,
Айнымай өзің ағарсың.
Қандай боп келер сол кезең,
Керім ең неткен, кербез ең.
Аға бер, Шаған асықпай,
Керек қой елге, жерге өзен.
Түсіне бермес оны әркім,
Тұнығындайсың жанардың.
Таланттар берген тамаша,
Суы да ерке Оралдың.
Кейін бе, әлде ерте ме,
Қажетсің туған өлкеге.
Өлшеулі өмір — жағада...
Еркеле, Шаған, еркеле!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?