Ахмет Байтұрсынов (Қайыршы мен Қыдыр)
Қайыршы киімі жыртық, жалаң аяқ,
Мойнында ескі дорба, қолда таяқ,
Қалада қайыр сұрап жүруші еді,
Күн көріп бергенімен әркім аяп.
Үйіне бай-мырзаның келген шақта,
Қазына салтанатын көрген шақта,
Ойлайтын: «Мұнан артық не керек, - деп, -
Осындай Құдай бәрін берген шақта?!
Отырып алтын, күміс ортасында,
Тоймайтын несі, - дейтін, - мал мен баққа?!»
Бір күні шаршаған соң демін алып,
Отырып, ой жіберді әрбір жаққа.
Ойлайды: «Кейбіреулер болады бай,
Не түрлі керегінің бәрі де сай.
Жайлы орын, жақсы тамақ, жиған жиһаз,
Қанағат етіп соған тұрмайды жай.
Ұрынып әр кәсіпке жүргені әман,
Бәріне өзі тойса, көзі тоймай.
Айрылар ақырында қолдағыдан,
Дәулетін асырам деп ойлай-ойлай».
Иесі анау үйдің бұрын болған
Кісі еді заманында бақыт қонған.
Бақ қарап, Қыдыр дарып тұрған шақта,
Дәулетің құралады оң мен солдан.
Кәсібі сауда еді еткен жастан,
Бай болды, Құдай беріп, жұрттан асқан.
Бар болса қанағаты сол уақытта,
Өлердей емес еді, жай тұрса, аштан.
Үстіне байығанның байимын деп,
Теңіздің ар жағынан сауда ашқан.
Кемесі тауарымен ғарық болып,
Кез келді мезгіліне бағы қашқан.
Кәсіпке сонан бері кетті ебі,
Келмеді қайтып байлық теңіздегі.
Борышқа белшісінен батып әбден,
Мүлкінің болды бәрі жоқ есебі.
Баяғы байлық дәурен бастан көшіп,
Секілді түсте көрген болды кебі.
Және де бір саудагер байып еді,
Саудасын әр жерлерге жайып еді.
Үстіне байығанның байимын деу -
Оның да осы бір зор айыбы еді.
Малынан о да айрылып, жұрдай болды,
Саудасы сынып, бағы тайып еді.
Санасам, толып жатыр осындай кеп,
Қанағат, байыдым деп, етпейтін көп.
Сазайы шіркіндердің жай тұрмаған,
«Құдая, бергеніңе мың шүкір!» - деп.
Сол жерде Қайыршыға Қыдыр келіп:
«Жүруші ем, - деді, - аяп, сырттан көріп.
Дорбаңның аузын ашып, тос, бейшара,
Мен сені байытайын алтын беріп.
Жалғыз-ақ бір шарты бар, ал есіңе,
Түскеннің бөрі алтын дорба ішіне.
Дорбадан жерге түссе, тозаң болып,
Жұмсауға жарамайды пайда ісіңе.
Керемін, дорбаң ескі, нашар екен,
Қызығып, қызармасын онша шекең.
Алтынды қанша алсаң да, аямаймын,
Бірақ бұл дорбаң сенің шыдар ма екен?».
Қайыршы енді қарап тұрсын нешік,
Дорбасын тоса берді аузын шешіп.
«Сала бер, төгілер деп қорықпа, - деді, -
Болғанмен дорбам ескі, емес тесік».
Сауылдап құйылды алтын дорбасына,
Қайыршы сағатта бай болмасын ба!
Бір ғана өзі түгіл, әулетімен
Байырлық болды тапқан олжасына.
«Ау, жаным, - Қыдыр айтты, - енді жетер,
Қанағат уақытың болды етер.
Жарылып кетсе, байғұс, дорбаң ескі,
Алтындар рәсуәй болар бекер».
«Сала түс, әлі де болса, бітегене!
Жарылсын бет алдына дорба неге?!
Сала бер, алтындарың таусылмаса,
Дорба үшін жарылар деп қайғы жеме».
«Ал толды дорбаң әбден, жетер, жаным!
Жарылып, тығыздасаң, кетер, жаным!
Аз байлық емес бұ да, біле білсең,
Тоймастық ете берме бекер, жаным!».
«Тағы да салшы, сал!» - деп емінеді,
Шыдамай, дорба енді сөгіледі.
Қазына дорба толған бір минутта
Сау етіп бәрі жерге төгіледі.
Төгіліп алтын, болды тозаң мен шаң,
Қайыршы аузын ашып, отыр аң-таң.
«Табалап өзгелерді, әй, Қайыршым,
«Қанағат етпеген соң, - деуші ең, - сазаң!».
Аз байлық емес еді сенің де олжаң,
Қызығып, демегенде «жұрттан озам!».
Осымен қысқартамын сөзді жай-ақ,
Үстіне жығылғанның салмай таяқ.
Кінәні қанағатқа аударайын,
Қам көңіл Қайыршыға тимей, аяп.
Қанағат жүзі қара жоламайтын
Бейне бір байлық пен бақ араздай-ақ
Мойнында ескі дорба, қолда таяқ,
Қалада қайыр сұрап жүруші еді,
Күн көріп бергенімен әркім аяп.
Үйіне бай-мырзаның келген шақта,
Қазына салтанатын көрген шақта,
Ойлайтын: «Мұнан артық не керек, - деп, -
Осындай Құдай бәрін берген шақта?!
Отырып алтын, күміс ортасында,
Тоймайтын несі, - дейтін, - мал мен баққа?!»
Бір күні шаршаған соң демін алып,
Отырып, ой жіберді әрбір жаққа.
Ойлайды: «Кейбіреулер болады бай,
Не түрлі керегінің бәрі де сай.
Жайлы орын, жақсы тамақ, жиған жиһаз,
Қанағат етіп соған тұрмайды жай.
Ұрынып әр кәсіпке жүргені әман,
Бәріне өзі тойса, көзі тоймай.
Айрылар ақырында қолдағыдан,
Дәулетін асырам деп ойлай-ойлай».
Иесі анау үйдің бұрын болған
Кісі еді заманында бақыт қонған.
Бақ қарап, Қыдыр дарып тұрған шақта,
Дәулетің құралады оң мен солдан.
Кәсібі сауда еді еткен жастан,
Бай болды, Құдай беріп, жұрттан асқан.
Бар болса қанағаты сол уақытта,
Өлердей емес еді, жай тұрса, аштан.
Үстіне байығанның байимын деп,
Теңіздің ар жағынан сауда ашқан.
Кемесі тауарымен ғарық болып,
Кез келді мезгіліне бағы қашқан.
Кәсіпке сонан бері кетті ебі,
Келмеді қайтып байлық теңіздегі.
Борышқа белшісінен батып әбден,
Мүлкінің болды бәрі жоқ есебі.
Баяғы байлық дәурен бастан көшіп,
Секілді түсте көрген болды кебі.
Және де бір саудагер байып еді,
Саудасын әр жерлерге жайып еді.
Үстіне байығанның байимын деу -
Оның да осы бір зор айыбы еді.
Малынан о да айрылып, жұрдай болды,
Саудасы сынып, бағы тайып еді.
Санасам, толып жатыр осындай кеп,
Қанағат, байыдым деп, етпейтін көп.
Сазайы шіркіндердің жай тұрмаған,
«Құдая, бергеніңе мың шүкір!» - деп.
Сол жерде Қайыршыға Қыдыр келіп:
«Жүруші ем, - деді, - аяп, сырттан көріп.
Дорбаңның аузын ашып, тос, бейшара,
Мен сені байытайын алтын беріп.
Жалғыз-ақ бір шарты бар, ал есіңе,
Түскеннің бөрі алтын дорба ішіне.
Дорбадан жерге түссе, тозаң болып,
Жұмсауға жарамайды пайда ісіңе.
Керемін, дорбаң ескі, нашар екен,
Қызығып, қызармасын онша шекең.
Алтынды қанша алсаң да, аямаймын,
Бірақ бұл дорбаң сенің шыдар ма екен?».
Қайыршы енді қарап тұрсын нешік,
Дорбасын тоса берді аузын шешіп.
«Сала бер, төгілер деп қорықпа, - деді, -
Болғанмен дорбам ескі, емес тесік».
Сауылдап құйылды алтын дорбасына,
Қайыршы сағатта бай болмасын ба!
Бір ғана өзі түгіл, әулетімен
Байырлық болды тапқан олжасына.
«Ау, жаным, - Қыдыр айтты, - енді жетер,
Қанағат уақытың болды етер.
Жарылып кетсе, байғұс, дорбаң ескі,
Алтындар рәсуәй болар бекер».
«Сала түс, әлі де болса, бітегене!
Жарылсын бет алдына дорба неге?!
Сала бер, алтындарың таусылмаса,
Дорба үшін жарылар деп қайғы жеме».
«Ал толды дорбаң әбден, жетер, жаным!
Жарылып, тығыздасаң, кетер, жаным!
Аз байлық емес бұ да, біле білсең,
Тоймастық ете берме бекер, жаным!».
«Тағы да салшы, сал!» - деп емінеді,
Шыдамай, дорба енді сөгіледі.
Қазына дорба толған бір минутта
Сау етіп бәрі жерге төгіледі.
Төгіліп алтын, болды тозаң мен шаң,
Қайыршы аузын ашып, отыр аң-таң.
«Табалап өзгелерді, әй, Қайыршым,
«Қанағат етпеген соң, - деуші ең, - сазаң!».
Аз байлық емес еді сенің де олжаң,
Қызығып, демегенде «жұрттан озам!».
Осымен қысқартамын сөзді жай-ақ,
Үстіне жығылғанның салмай таяқ.
Кінәні қанағатқа аударайын,
Қам көңіл Қайыршыға тимей, аяп.
Қанағат жүзі қара жоламайтын
Бейне бір байлық пен бақ араздай-ақ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?