Қалқаман Сарин (Кешіккен құстар)

 Қалқаман Сарин (Кешіккен құстар)

Қанатын керіп, ағылып белден,
Әуелеп ұшқан жоғары.
Мекенін аңсап, сағынып келген,
Бірақ та құстар жоқ әлі.

Келмей тұр, сірә, бабына көктем,
Күткенім неге кешікті?
Қалды ма деймін жағына кеткен,
Ұялап басқа бесікті?!

Қия алмай кеше кеткенмен мүлде,
Мекенін мынау қаншалық.
Келетін құстар көктеммен бірге,
Әсем бір сазды ән салып.

Айдынын аңсап қайтарын білем,
Қатарын бұзбай бір келер.
Тәтті үнге толып байтағым кілең,
Көк аспан әлі-ақ түрленер!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?