file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Достықтар бар әр-түрлі

 Достықтар бар әр-түрлі

Кейбір достар болады жалғыз сәтке
Ақша үшін бір күнге әлде түнге
Ыңғайлы бір кезеңде аулақ безіп
Бу тәрізді сейіліп кетер мүлде

Қайғы-мұңдас болады достар кейде
Кейбір достық болады еріккенде
Кейбіреуі болады, ондайларды
Айтуға да жарамас дос деп тіпте

Кейбір достық әдетке айналар кең
Кейде достық болады махаббатпен
Жұмыстада болады кейбір достық
Сол үшінде бірлік бар ынтымақпен

Дос болады кейбіреу ақ төсекте
Дос болады асығып- үсігіпте
Өздеріне қолайлы сәт туғанда
Шаң-тозаңдай жоғалар сол бір сәтте

Достықтар бар жасырын жұрттан өзге
Ал кейбірі дос болар сыртқы көзге
Достықтар бар мәнсізде мағынасыз
Бір өмірге немесе жалғыз кезге

Хат арқылы кейде бір достықтар бар
Кейбір достар жолсерік үшін болар
Кейбіреуін дос етер жұмыссыздық
Ия,солай... бірақта дос па олар?

"Дейді"- депте дос болу әбден мүмкін
Ондайларды жоғалту оңай, түсін
Тәуекелге сонда да бару керек
Кей біреуді әйтеуір дос деу үшін

автор: Анатолий Сава
"Друзья бывают разные" өлеңін қазақшаға аударған Нурсат Мүбарак ұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу