Жұмабай Арман (Абайға арнау)
![Жұмабай Арман (Абайға арнау)](/uploads/image33.jpg)
![Жұмабай Арман (Абайға арнау)](/uploads/posts/2018-10/1540295243_d4446a19fe.png)
Қалықтаған қара өлең қанатында.
Көргенін сөзбен салған Абай атам,
Қазақтың поэзиясында дара тұлға.
Әр өлеңі шариғат, құранға бай,
Тағлым ала алмайсың бұдан қалай?
Тамырын тереңдеткен Абай жырын,
Жас жеткіншек оқыса екен бірі қалмай.
Келеміз жырларыңмен кемелденіп,
Дана едің туылған өлең болып,
Жылылықтың жанына тұрақтаймыз
Ұлылықтың сары уытын сенен көріп.
Білім деген толтырып бұлақты лық,
Бұлақ суға орнатып шуақты нық
Қара көзін көрмедік дегенменен
Қара сөзін оқыдық қуат қылып.
Көзімізден нұрын төгіп азаткүн,
Отанымыз күйі кетіп ғажаптың
Әр сөзінен ұғындырған ұлылық
Ұлы Абайы жасай берсін қазақтың!
Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?