Мұхтар Шаханов (Әмір - Темірдің соңғы өсиеті)
Күш пен ақыл кімде мықты - соның даңқы ең үстем.
Қиып өтіп өзен-көлден,
Қия-шыңнан,
Еңістен.
Сырнайлатып,
Кернейлетіп Әмір-Темір әскері
Мәрмәр қала Самарқандқа оралды зор жеңіспен.
Кешке таман тұс-тұсынан сансыз жарық самсаған
Көк Сарайдың аясында шаттық қосты қанша адам.
Аққу мойын әсем әндер қалықтады төбеде
Темірдің бұл жеңісі еді көптен күтіп, аңсаған.
Ой-сезімді айналдырып інжу-тізбек алқаға
Қожа Хафиз шабыттанып жыр оқыды ортада.
Әмір-Темір қанаттана,
Жырға балқып,
Шоқтанып,
Арайланған жанарында шоқтай қызу от жанып:
- Неткен асқақ сұлулық бұл,
неткен жомарт сезім! - деп,
Қайта-қайта басын изеп, қолын соқты шаттанып.
Кенет біреу алға шығып бұрды өзіне жиынды,
Ханға қарап қалбаң қағып, бірнеше рет иілді:
- О, кемеңгер қасиеттім, ұлылардың ұлысы,
Даңқымыздың көшбасшысы, құдіреті, тынысы,
Сізсіз күллі Азияның бітпек емес бір ісі,
Сізден асқан данышпан жоқ,
Егер біреу бар десе,
Оның өзі - Сіздегі ұлы парасаттың інісі.
Тіпті әлемде Сізбен қатар қоя алмаймыз ешкімді!
- Дұрыс!
- Шын сөз!
- Хан жасасын! - деген қоштау естілді.
- Қай кезде де сом алтынның қадірі жоқ қолдағы, -
Деп әлгі адам әңгімесін әрі қарай жалғады, -
Шын өнердің мәнін білер,
Сөздің сәнін, дәмін білер,
Талғамыңыз тағы мені таң қалдырды, алыбым,
Сізді барлап өлең сөздің құдіретін таныдым.
Өнегеңіз ғасырлардан ғасырларға көшеді,
Өзіңіздей көсемі бар елдің бағы бес елі!
- Тоқта!
Доғар!
Сарапталық,
Сен бе, мен бе жетесіз?
Сөзбен арбап, мақтау жолын меңгеріпсің қатесіз.
Бір күшейсе, өткел бермес тоғышарлық індеті.
Әр адамның тірліктегі зор замани міндеті -
Саф өнерді ардақ тұту және терең түсіну.
Жан байлығын есепке алмау - босқа көкіп, ісіну,
Халқымыздың ұлы рухын, бедел-парқын түсіру.
Тек қарынға билік берсек мына ғалам не болмақ?
Онда ізгілік өзендері ақпай қалар табандап.
Қашыр озып,
Тұлпарлардың мерейі ақсап,
Шабандап,
Қарға біткен қарқылдасып, қырандарды жамандап,
Биік пенен аласаның шекарасы жоғалмақ.
Тұс-тұсынан мақтау сөздер құлағанмен көшкін боп,
Әлі күнге жағымпазын жазалаған ешкім жоқ.
Диірменің айналған соң жалғандықтың желімен
Басқа арнаға түсіруге міндеттімін сені мен...
Сәл ойланып:
- Кімсің өзің, мақсатың не? - деді хан.
- Әрқашанда орын ашқан Сізге жүрек төрінен
Қорасанның хакімімін... Құттықтауға келіп ем...
- Жалған хакім, жалған таудың даңқы жермен теңессін.
Бар, қайта бер!
Қорасанға енді хакім емессің!

- Ұлағатты ұлы ханым, күн келбеттім, кеңісім,
Мұныңыз тым ауыр жаза болмас па екен мен үшін.
Шетке қағу - өзіңізге шын берілген хакімді
Тарылтпай ма сіздегі ұлы жомарттықтың өрісін?
- Міне, міне, сын сағатта санаң қалай бұлтыңдар,
Қырдың қызыл түлкісін де алдап кетер тұрқың бар.
Жанарымды тұздай етіп,
Өтпей жүрген қыздай етіп
Көзсіз мақтап, беделімді асырдың-ау таудан да.
Сен жанымнан табылар ма ең бастан бағым ауғанда?
Ондай шақта жалт бұрылып кетеріңе дау бар ма!
Мадақ cөздер төбесінен қарша борап жауғанда,
Елікпейтін басшының тым аз боларын білесің,
Cондықтан сен қатерлісің жасырынған жаудан да.
Билік деген - қалың елдің көз қадайтын алаңы.
Мені жиі, жөнсіз мақтау салтқа айналып барады.
Кейбір қулар шектен шығып тіпті теңеу таппауда.
Жалған жыршы, жалған ақын,
Желпи келіп жел қанатын
Бұдан былай ерік берсе әділетсіз мақтауға,
Сол сәтінде-ақ бұйырамын қатал, ауыр жазаға!
Әділетті жаза барда ғаділетті ел аза ма?
Таразылар уақыт кейін, кім боркемік, кім мықты,
Тек әділ сын - ел тірегі,
Жалған мақтау өлтіреді,
Әміршінің санасынан сығалаған шындықты.
Ал бұл жұртқа әкеледі қанша қайғы-қасірет.
Құнсыз етіп мерей көгін,
Жағымпаздың көбейгенін
Ұғу керек туар жаңа қасіреттің басы деп.
Мың намыссыз жағымпаздан құлдық ұра құлаған
Артық маған қасқайып кеп шындықты айтқан бір адам.
Енді шындық менің мына билік құрған өлкемде
Ізгілікпен жұптасады,
Нық басады ертеңге, -
Деп әмірші жігер жүзген жанарында бақ жанып,
Жанған бақпен шығып кетті қалың жұртты қақ жарып.
Содан бері қанша жапты сонау таудың басын қар.
Сан гүлденіп, сан қуарып,
Әмір-Темір даңқын алып,
Жұмыр жердің кеудесінен ұшты дүлей ғасырлар.
...Бас қолбасшы Самарханның бас көшесі бойында
Ескерткіш боп биіктеп тұр, берілгендей пайымға,
Берілгендей уайымға,
Ғасырында есепсіз көп қан төккені жайында,
Бірақ ұлы бір мінезді салт еткені жайында...
Нән бәйтерек әлдене деп сыбырлайды қайыңға...
Ханның соңғы өсиеті,
Сөзге айналған қасиеті
Алты жүз жыл өткеннен соң, кәне, кімнің ойында?
Бір жас жігіт мінбеде тұр (сырт көзге тым ақылды),
Қосатындай көңілменен алыс пенен жақынды
Қалбақтады, жалбақтады,
Арыстан ғып ардақтады,
Данышпан ғып салмақтады,
Ескерткішті орнатуға бұйрық берген хакімді.
...Сәлден кейін хакім оны өз қасына шақырды...
Нақ сол тұста оң қанаттан,
Парасаты самғап аққан,
Өзегінен гүл көктеген,
Темір аса құрметтеген,
Қожа Хафиз өлеңдері жаңғырыға оқылды...
............................................................................
Ой салар деп сеніп едім талай жаңа кескінге,
Ұлы жырға бірақ назар аудармады ешкім де...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?