Мұхтар Шаханов (Бақыт геометриясы)
"БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?"
Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.
Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.
Әлде Бақыт сұлулық па, олай дейін десем мен,
Сұлулар жүр бай аяққа кілем болып төселген.
Әлде Бақыт билік пен екен қылыш мүдде ұстаған,
Тіпті қайсар қырандары рұқсатсыз ұшпаған,
Жағымпазы сырт көздерді
шошындырып сұрқымен,
Бастығының көн етігін шөткелеген мұртымен.
Шын парасат иелері бірақ оған бармаған,
Олар өзін жаудан бұрын жағымпаздан қорғаған.
Иә, биліктің қадамы тоқ, қамалы жоқ алмаған,
Кей қасқалар биліктен де бақыт таппай сорлаған.
"Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене
Көрсет маған, құшақтайын, көтерейін төбеме"
Деп едім мен, дәл сол сәтте ойы, бойы сымбатты
Әбден қажып, шашы ағарған
ШЫНДЫҚ келіп тіл қатты:
- Бақыт дәйім санасы мен ұғымында әркімнің
Қанша ғасыр осыны елге ұқтыра
алмай сарқылдым.
'"Қане менің соңымнан ер...
Мынау үйге қарашы
Нақ осы үйде жүріп жатыр Бақыт пен Сор таласы.
Үй иесі - жас жұбайлар тілек, ойы қосталған,
Билік, байлыққатар қонып, иықтымен дос болған.
Бірін-бірі сүйгенімен көңілдері тобасыз,
Тобасыздың есігінен кірген ырыс бағасыз.
Келген әрбір жақсылыққа игіліктің басы деп
Шын жүректен қуана алмау - ең қауіпті қасірету
Солай, солай... Енді, ақыным, мұнда бұрыл деп мені
Шындық тағы ертіп барды жұпыны үйге шеткері:
- Терезеден қара - деді, жақын тұрып қарадым,
Төрде отырған қос жүбайға түсті кенет жанарым.
Бөлме іші тым қарапайым, ортада ақ дастарқан
Дастарқанға тек қара нан,
қос түйір қант тасталған...
Күйеуі айтты: жалақы алдым, ертең базар баралық
Саған, жаным, ерекше әсем көйлек іздеп табалық!
- Көйлегім бар - деді әйелі
(қабағына мұң қонды) -
Бір бешпетпен жүрсің өзің, міне,
қанша жыл болды...
(Екеуі де менен бұрын оған шаттық қонса деп,
Алдыменен ол қуансын, оның көңілі толса деп
Бір-біріне сый ұсынып, бірін-бірі жақтады,
Бірін-бірі ардақ тұта ортақ ойға тоқтады.
Көрші аулада баласы өлген жалғыз
кемпір бар екен,
Шетсіз, шексіз кең дүние ол сорлыға тар екен.
Бұлар қатар шуақ төге ізетті іске өрісті
Сол кемпірге қыстық киім әперуге келісті.
"Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене,
Мен шықпаған заңғар шың ба,
мен мінбеген кеме ме?"
Деп қиялдап, өр биіктен көрсетіппіз бекер бой,
Қымбаттым-ау, сөйтсек бақыт қанағатта екен ғой.
Егер бүгін аласарса мекеніңнің шоқтығы, ,,
Оған себеп, қанағатсыз адамдардың көптігі...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?