Махамбет Өтемісұлы (Мен — мен едім, мен едім!)

 Махамбет Өтемісұлы (Мен — мен едім, мен едім!)

Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шаңыртып,
Сұлтанын суға сұлатып,
Ханшасын қақпа алдында
жылатып,
Ернін еттей тесісіп,
Кеңірдегін кесісіп,
Жыраға басын түсіріп,
Жылғадан қанын ағызып,
Басын кессем деп едім!
Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік ақ орда -
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін кескілеп,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын тескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сусыны сары бал -
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке -
Үстіме кисем деп едім.
Қанікейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.

Тінікейдей тектіңді,
Ителгі көзін төңкертіп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артыма салсам деп едім.
Тілекті құдай бермеді -
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім!
Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның
Екіталай болғанда
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақсүйек -
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас!
Хан баласы ақсүйек -
Байеке сұлтан сен болып,
Сендей нарқоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 18
  1. Ерасыл Карим
    Ерасыл Карим 14.09.2016 11:54
    1 + 0 -
    әдемі ұнады
  2. Мадикош Умирзак
    3 + 0 -
    Оте жаксы маган унайды
  3. Гульназ Тагаева
    0 + 0 -
    Бул канша шумак????
  4. Alina Mironova
    Alina Mironova 24.01.2016 17:11
    0 + 0 -
    Керемет олен! Казыр тем жаттап аламын да, ертен сабакта айтамын!
  5. Алтынай Канатова
    0 + 0 -
    Супер
  6. Аяулым Багдат
    Аяулым Багдат 04.12.2015 06:21
    0 + 0 -
    Супер
  7. Леонель Дастан
    Леонель Дастан 13.10.2015 07:22
    1 + 0 -
    Кызды кушсам,ат котине унилтсем,жетим кылсам,етин сорпа гып ишсем?????мектепте осы оленди неге толык бермегенин енди тусиндим
  8. Marjan Arapova
    Marjan Arapova 12.09.2015 14:07
    0 + 0 -
    Мен едім керемет
  9. Biba Barjaxsin
    Biba Barjaxsin 21.02.2015 17:02
    0 + 0 -
    Озин шыгыра аласын ба?
  10. Куаныш Иманалиев
    0 + 0 -
    Нагыз казакка жигер, рух,шабыт,акыл,беретин олен, оленнин оте терен магынасы бар, ал казырги кездеги жастар осындай олен шыгара алама
  11. Куаныш Иманалиев
    0 + 0 -
    Нагыз казакка сеним, рух, жигер беретин олен, керемет олен, казирги жастар осындай олен шыгара алу шемет
  12. Альбина Тлек
    Альбина Тлек 30.01.2015 17:39
    0 + 0 -
    казактар акын го
  13. Eldar Nurmuhambetov
    Eldar Nurmuhambetov 27.01.2015 22:21
    0 + 0 -
    қайғылы сөздер емеспе ойланши
  14. Раллан Куаншалиев
    0 + 1 -
    Жаксы олен
  15. Актоты Суениш
    Актоты Суениш 08.10.2014 15:14
    0 + 1 -
    осы оленди жаным сует
  16. Актоты Суениш
    Актоты Суениш 08.10.2014 15:13
    0 + 0 -
    кушти казакша олендердиндин бари кушти го
  17. Толғанай Мауытқазиева
    0 + 0 -
    өте жақсы өлең адамға жигер береді
  18. Маргулан Косекеев
    0 + 0 -
    керемет соз жок