Серікбай Маханов (САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ)

 Серікбай Маханов (САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ)

Ызғырықпен ашық аспан манаурап ,
Құлазиды кімді іздеп сонау бақ ?
Ақ көрпеге ораныпты қара жер
Кеудедегі көңіл күйге жалау боп .

Аппақ айдын аймағында сыр бар ма ,
Қаңтар айы ақ боранға құмар ма ?
Жағадағы қалың қамыс сылдырын
Естігенде көңіл шіркін тынар ма ?

Көктегі Күн ақ өзекке құлады ,
Адал жанның ауласы ғой тұрағы .
Қатып жатыр жылтыр мұздар біртіндеп
Өлең өмір ақындардың құраны .

Суық түссе не етейін жалғанға ,
Көп қараймын қар жамылған талдарға .
Сәні болған жапырақтар жап – жасыл
Қоқыстанып өртке түсіп қалған ба ?

Сусылдаған сүңгі мұздар топталып ,
Жарқырайды Күн көзінен жас алып .
Ықтасынға қонып жатыр торғайлар
Табиғаттың құдіретіне таң қалып .

Тізбектеліп жапырақтар күл болып ,
Тал басынан еңірей ме , тіл қатып ?
Сағынышқа жүрек мұңын сыздатып
Бара жатыр ұясына Күн батып .

Қоштасудың сәні болмас бірақ та ,
Көп бояулар шашылады жырақ та .
Кезегімен мезгіл келсе айналып
Күз әуені сақталады қырат та !

Асыл ойлар ояндың ба , манаурап ?
Өлең жырға өрілесің қозғау сап .
Үміт үзбей жалғасқанда қайтадан
Сағындырып шақырасың сонау бақ !

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?