file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мерген Тоқсанбай (Еркетай)

 Мерген Тоқсанбай (Еркетай)

"Таныспаймын, кешір",- дедің сен кеше,
Таныспай-ақ сөйлесейік ендеше!
Бірақ, бірақ, не істей алам мен саған,
Тəкаппарсып сөйлескің де келмесе?!

Түн қиналып, күн мұңайдым сені ойлап,
Ер жігітке қонбайды екен оңай бақ...
Сені Құдай кездестірген сол күннен,
Бақыт жайлы көрген түстер молаймақ.

Сөзге келмей, көзге ілмесең өзің біл!
Мен, мен едім - жалғыздыққа төзімді ұл!
Жүрегімде құлпырған сəт сезім - гүл,
Саған, Еркем, ессіз ғашық кезім бұл!

Қайтем, бірақ, гүл сезімім тапталса?
Соны ойласам - жүдеп күзгі бақтарша,
Үміттерім өшіп жатыр бір-бірлеп,
Саған жазып, жібермеген хат қанша.

Жүрегімді емдер сөзің емдесе,
Соны ұқтым Сені көріп Мен кеше.
Сенсіз Менде қызық та жоқ, қыз да жоқ,
Сенде ше?!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?