Түнгі тергелу - Дүйсенәлі Әлімақын
Күз жылатты бақтағы гүлді әдемі,
Қандай сиқыр байлаған мұнда мені?!
"Әй, бала, жалғызсың ба?", – деді мезгіл,
Қателесті, қасымда түн бар еді.
Мен күлдім, қарсы алдымда айнам күлді.
Бетіме әкеп басады тайған нұрды.
"Ғашықсың ба?", – деп сұрады жапырақтар,
– Япыр-ай, әулие ме, қайдан білді?
Көз алдымда құбылып түнгі сурет,
Арғымағы үміттің жүр кісінеп.
– "Бүгін қайда барасың?", – деді жолдар,
Сен жаққа барарымды білгісі кеп.
Түн үнсіз... Жоқ, айналам дүбірлі елдей,
Барады жымысқы жыл сырын бермей.
"Әй, ит-ай, сүйесің ғой", – деді желдер,
"Иә", – дедім басқа сөзге тілім келмей.
Қажетті сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?