Тұрмағамбет Ізтілеуов (Қайрама, халық тісіңді)
Жаз болғаннан жадына ал,
Алдыңдағы қысыңды!
«Бақыт құс» қонса басыңа,
Қадір тұт келген кісіңді!
Үйретіп үлгі, өнеге,
Таза бақ, жасы кішіңді!
Ақылың астам болғанмен,
Ойласпай етпе ісіңді!
Кескен тоның кеңеспен,
Көрінер көзге пішінді!
Кемісі болар кімнің де,
Дегенмен: «Анық түсінді!»
Қайратың қау болғанмен,
Орныңа жұсма күшіңді!
Қанаты қалар қайырылып,
Қалыңға салсаң құсыңды!
Көптің көңілі қожырар,
Көрсетсең күшпен мұшыңды!
Қиындыққа ренжіп,
Бұзбаңдар, бектер, түсіңді!
Түлетіп түгін төктіріп,
Қайтадан қылар ұшымды!
Шүкірлік етіп шыдасаң,
Қыла бермес қысымды!
Қамын ойлап қарныңның,
Қайрама, халыққа тісіңді!
Ізіңе ел ермейді,
Тазартып алмай ішіңді!
Қойдырып алып қор болма:
«Арам» деген есімді!
Ойдың үйін түземей, не қажет, бағу жісімді?!
Дұмпаның түгіл, досың да:
«Құрт, - деп айтар,- бұ сұмды!»
Ниетінен - нешеулер
Жемінен жейтін ұшынды!
Қашырды халықты қасынан,
Етіне шығып қышынды!
Көңліңе батпан болғанмен,
Көп білер алтын, мысыңды!
Қисықты қолға кім ұстар,
Көре тұра мүсінді?!
Жарамас жабы алысқа,
Дегенмен: «Тойып ісіңді!»
Ағайын болсаң араға
Жолатпа сыпсың-пысыңды!
Ала ауыз - анық кетірер
Айбат пенен сұсыңды!
Олжа алар он соң әркім-ақ,
Екеу түгіл, үшіңді!
Көңілден кетір: күпірлік,
Сын мен сықақ нұсыңды!
Сонда мақтар сені сырт:
«Әулие жоқ, - деп, - бұ сынды!»
«Қалай, - деп, - сөзім осы айтқан?»
Тұрекең көпке ұсынды!
Түсінсеңдер, кетірер
Көкіректегі ысыңды!
Алдыңдағы қысыңды!
«Бақыт құс» қонса басыңа,
Қадір тұт келген кісіңді!
Үйретіп үлгі, өнеге,
Таза бақ, жасы кішіңді!
Ақылың астам болғанмен,
Ойласпай етпе ісіңді!
Кескен тоның кеңеспен,
Көрінер көзге пішінді!
Кемісі болар кімнің де,
Дегенмен: «Анық түсінді!»
Қайратың қау болғанмен,
Орныңа жұсма күшіңді!
Қанаты қалар қайырылып,
Қалыңға салсаң құсыңды!
Көптің көңілі қожырар,
Көрсетсең күшпен мұшыңды!
Қиындыққа ренжіп,
Бұзбаңдар, бектер, түсіңді!
Түлетіп түгін төктіріп,
Қайтадан қылар ұшымды!
Шүкірлік етіп шыдасаң,
Қыла бермес қысымды!
Қамын ойлап қарныңның,
Қайрама, халыққа тісіңді!
Ізіңе ел ермейді,
Тазартып алмай ішіңді!
Қойдырып алып қор болма:
«Арам» деген есімді!
Ойдың үйін түземей, не қажет, бағу жісімді?!
Дұмпаның түгіл, досың да:
«Құрт, - деп айтар,- бұ сұмды!»
Ниетінен - нешеулер
Жемінен жейтін ұшынды!
Қашырды халықты қасынан,
Етіне шығып қышынды!
Көңліңе батпан болғанмен,
Көп білер алтын, мысыңды!
Қисықты қолға кім ұстар,
Көре тұра мүсінді?!
Жарамас жабы алысқа,
Дегенмен: «Тойып ісіңді!»
Ағайын болсаң араға
Жолатпа сыпсың-пысыңды!
Ала ауыз - анық кетірер
Айбат пенен сұсыңды!
Олжа алар он соң әркім-ақ,
Екеу түгіл, үшіңді!
Көңілден кетір: күпірлік,
Сын мен сықақ нұсыңды!
Сонда мақтар сені сырт:
«Әулие жоқ, - деп, - бұ сынды!»
«Қалай, - деп, - сөзім осы айтқан?»
Тұрекең көпке ұсынды!
Түсінсеңдер, кетірер
Көкіректегі ысыңды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?