Сәбит Дөнентаев (Ерегіс)

 Сәбит Дөнентаев (Ерегіс)

Бір қайғы кеп жүректі,
Әлдеқайдан ілекті,
Езіп, жаншып жарасын,
Талқан қыпты, ірепті.
Бұрынғыдай ақ, адал
Болмай жүрек ретті,
Ашу қысып, қабартып,
Алқымыңнан тірепті.
Бұл жаласын жабуға,
Достан кінә табуға,
Сөйтіп тегін алуға,
Жүрек бетін түзепті.
Қысты жүрек басты кеп:
«Сенің ісің асты» деп,
«Мені қылдың осындай,
Миың қайда қашты?» деп.
«Түзу көрмей оң естіп,
Неден қара басты?» деп.
«Тілің сенің тілмәрсіп,
Жұртқа сырым шашты» деп.
Қолды да істен шығарды,
«Арамға есік ашты» деп.
Аяқты әбден жерлепті,
«Зарарыма басты» деп.
Жер қалдырмай сөкпеген,
Бір кінәлі етпеген,
Құсық қоймай төкпеген,
Ақ көбігін шашты кеп.
Бәрін көрген көз айғақ,
Ұзамады тез айғақ.
Тоқтатты да жүректі,
Бастады өзі сөз айғақ.
Жас тамылап зарлады:
«Тыңда сезім, құдайға ақ
Иең берді әуелді,
Жүрек, саған ақ соқпақ.
Сол соқпақтанм адасқан
Бізден бұрын сен ақымақ.
Бәріміз де саған құл,
Салдың өзің айтақтап.
Шу басында қарайып,
Болып тұрсың енді аппақ.
Алып қолға кезіңді,
Сонан соң айт сөзіңді,
Өлшеп әбден өзіңді,
Мырза, жүрек, айтсаң хақ...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?