Сәбит Дөнентаев (Үміт)

 Сәбит Дөнентаев (Үміт)

Жұмсаған, не қиынға салған үміт,
Тіл алған, қайда болса барған үміт.
Сөз байлап, қол алысып жөнелгенде,
Шығармақ едің сүйреп жардан үміт.
Артынан әуре қылып ертіп қанша,
Бұл күнде сол уағдадан танған үміт.
Жолдасы азық-түлік, қаруы жоқ,
Астында әр табанның қалған үміт.
Қарамай шамасына, таудай істі,
Өзінің міндетіне алған үміт.
Ақырда «Әлін білмес әлек» болып,
Арыған, қалжыраған, талған үміт.
Болды да жорғалармен жорғаласпақ,
Ере алмай тәлтіректеп шалған үміт.
Батыр да, бай да болмақ ойымда еді,
Олардың барлығы боп тұр жалған үміт.
Іздесең дертке дәрмен, адаспасаң,
Қалайша құр тастайды аллаң, үміт!
«Арбамен асықпаған қоян да алған»
Жабықпа, жолыңда бол, тарлан үміт!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?