file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мақпал Жүнісова тойына шақырмаған Медеу Арынбаевқа ренжіп қалды

Мақпал Жүнісова тойына шақырмаған Медеу Арынбаевқа ренжіп қалды

Осыдан біраз уақыт бұрын өзінің су жаңа әндерінің тұсауын кесіп, өнер адамдарын бір дастархан басына жинаған Медеу Арынбаев Мақпал Жүнісованы тойына шақырмай қойған деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Ол кісі ауырып, келе алмады", - деген Арынбаев журналистің сұрағынан оңай құтылмақ болған.

Алайда Жүнісова өзін бөлектететін әріптестері жайлы айтып, Арынбаевтың өз тойына шақырмағанын жайып салды.

"Мені шақырған жоқ. Ашық айта аламын. Медеужан, Мақпал Исабековамен шатастырған шығарсың, Мен желіден көрдім де, "апалап жүріп шақырмағаны несі", - дедім де қойдым.

Мүмкін оған солай жеткізген шығар. Қазір әншілердің көмекшілері, кімді көргісі келмесе, "ол кісі ауырып қалды" деп айта салады екен", - деді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мақпал Жүнісова өзінің жолын кесіп, конкурсқа қатыстырмай қойған отандық әнші жайлы ашып айтқан болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу