Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ?


Freedom Life ӨСК мамандары туристік компанияларының ұсыныстарын зерттеп, осы жазда шетелде демалу құны қазақстандықтарға қаншаға түсетінін анықтады.


Freedom Life базасының мәліметтеріне сәйкес, көктем маусымында демалысқа бару кезінде, қазақстандықтар туристік сақтандыруды Түркия, Біріккен Араб Эмираты, Египет және Тайланд елдеріне жиірек ресімдейді. Мальдивы, Испания, Доминикан Республикасы немесе Вьетнамға баратын туристер сақтандыруды сирек алады. ӨСК мамандарының болжаулары бойынша, 2023 жылдың жазында, сақтанушылар саны келесі бағыттар бойынша өсетін болады: Грузия, Әзірбайжан, Черногория, Италия, Греция.

Аталған бағыттар бойынша, бұрын бронь жасалған және «ыстық» турлардың таңдауы мол. Зерттеу барысында, қазақстандықтар үшін демалу құны қай елдерде қымбаттағанын, ал қай елдерде елеулі төмендегенін  сақтандырушылар анықтады.

Жазғы демалыстың шетелдегі 2023 жылдағы құны

БАЭ (Дубай, Шарджа). Тамақтанусыз, немесе 3-4 жұлдызды отельде тек таңғы асымен 7 күн тұрақтану, орташа алғанда, бір адамға 165 мың теңге құрайтын болады. Турдың арзандығына қарамастан, жалпы алғанда, бұл жерде демалу бюджетті емес, себебі, жергілікті кафе мен мейрамханаларда тамақтану, такси жалдау және ойын-сауық шығындары екі есе қымбатқа түсуі мүмкін, турмен салыстырғанда.

Түркия (Кемер, Аланья). Осы маусымда, қазақстандық туристері үшін бұл ең арзан бағыт болып табылады. Бес жұлдызды отельде «ультра бәрі қамтылған» белгісі бар апталық демалысы, орташа алғанда, 270 мың теңге құрайтын болады, ал, 3-4 жұлдызды отельде – 168 мың теңге.

Вьетнам (Нячанг). Бұл бағыттың бағалары бір жыл ішінде елеулі төмендеді. Егер, 2022 жылдың көктемінде Вьетнамға бару бір адамға 700 мың теңге болса, қазір 3-4 жұлдызды отельде «тек таңғы ас» белгісімен бір апта тұру, орташа алғанда, 200 мың теңге құрауы мүмкін.

Египет (Шарм-эль-Шейх). 3-4 жұлдызды отельде бір апта тұрудың орташа бағасы, бір адамға, 207 мың теңге. Турлардың көбісінде, таңғы ас және кешкі ас қарастырылған.

Әзірбайжан (Баку). Жалпы алғанда, турлардың құны өзгерген жоқ. Осы жазда, 3-4 жұлдызды отельде 7 күнге жайғасу, орташа бағамен, бір адамға 258 мың теңге құрайтын болады. Барлық туристік ұсыныстарға таңғы ас кіргізілген.

Грузия (Кобулети, Батуми). 3-жұлдызды отельде 7 күн тұрудың орташа бағасы –бір адамға, 278 мың теңге. Негізінде, турлар тамақтанусыз ұсынылады. Бірақ, таңғы ас қарастырылған бірнеше отельдер бар.

Таиланд (Пхукет). Төрт жұлдызды отельде «тек таңғы ас» белгісімен апталық тур, орташа алғанда, бір адамға 317 мың теңге құрайтын болады.

Черногория (Рафаиловичи). «Өзіне-өзі қызмет ету» белгісімен,  8 күндік демалысы 3-4 жұлдызды отельде бір адамға 324 мың теңге құрайтын болады.

О. Шри-Ланка. Осы жылы, 3-4 жұлдызды отельде бір апта демалудың орташа құны, бір адамға 404 мың теңге құрайтын болады. Көптеген туристік ұсыныстарға таңғы ас кіргізілген.

Мальдивы. Былтыр, аралдарға бару ең қымбат саяхат деп саналатын-бір адамға, орташа бағасы 1,1 млн теңге. Алайда, 2023 жылдың көктемінде, төмен бағалы ұсыныстар түскен. 3-4 жұлдызды отельде «тек таңғы ас» белгісімен 6-8 күн демалу, орташа алғанда, 524 мың теңге құрайды.

Индонезия (о. Бали). 3-4 жұлдызды отельде сегіз күн демалудың орташа құны бір адамға 667 мың теңге. Таңғы ас қарастырылған.

Италия (Сицилия, Калабрия). Бір апта 3-4 жұлдызды отельде тұрақтанудың орташа құны, бір адамға -– 673 мың теңге Турларда, көбінесе, тек таңғы ас кіргізілген.

Испания (Коста де Барселона). Тамақтанусыз, немесе тек таңғы ас кіргізілген, 3-4 жұлдызды отельде 7 күн тұрақтанудың орташа құны бір адамға 708 мың теңге құрайды.

Греция (Крит, о.Корфу). Тамақтанусыз, бір апта 3-4 жұлдызды отельде тұрақтанудың орташа құны, бір адамға – 868 мың теңге.

Доминикана. Биылғы жылы, жоспарланған ұсыныстар және «ыстық» турлар тізімінде бұл бағыт ең қымбатқа түсуде. Негізінде, сегіз күндік демалыс ұсынылады. Турдың орташа құны, «бәрі кіргізілген» белгісімен 4 жұлдызды отельге жайғасу-бір адамға, 1,6 млн теңге.

 

Шетелге шығу турларының құны қазақстандықтар үшін, бір жыл ішінде қалай өзгерді

Ел

2022 жылдағы демалыс құны, теңге

2023 жылдағы демалыс құны, теңге

Демалыс құны қаншалықты өзгерді, %

ОАЭ (Дубай)

240 000

165 000

- 31,3

Түркия

220 000

168 000

- 23,6

Вьетнам

781 000

200 000

- 74,4

Египет

180 000

207 000

+ 15,0

Әзірбаджан

294 000

258 000

- 12,2

Грузия

270 000

278 000

+ 3,0

Таиланд

360 000

317 000

- 11,9

Черногория

487 000

324 000

- 33,5

Шри-Ланка аралы

360 000

404 000

+ 12,2

Мальдивы

1 100 000

524 000

- 52,4

Бали аралдары

809 000

667 000

-  17,6

Италия

520 000

673 000

+ 29,4

Испания

680 000

708 000

+ 4,1

Греция

565 000

868 000

+ 53,6

Доминикана

716 000

1 600 000

+ 123,5

Мәліметтері: ашық ақпарат көздері

Орындаған: Freedom Life

 

Азаматтар туристік сақтандыруды қандай жиілікпен пайдаланады

Statista халықаралқ статистикалық платформасының мәліметтеріне сәйкес, адамдардың шамамен 20% саяхаттық сақтандырумен, әлемдік COVID-19 пандемиясы алдында пайдаланған. Енді аталған цифра, 2022-2027 жылдары аралығында, шамамен, 70-80% дейін ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ, саяхаттарды сақтандырудың әлемдік нарығының түсімі 2030 жылы, 2021 жылмен салыстырғанда, сегіз есе жоғаруы болуы мүмкін, және шамамен 108,8 млрд АҚШ долларын құрайтыны жорамалдануда.

Пандемияның алғашқы жылында, кіретін туристер саны әлем бойынша 407 млн-ға дейін қысқарды. 2022 жылы, халықаралық туризмнің келушілер саны, шамамен, 963 млн адам болған, олардың ішінде, шетелге шығатын қазақстандықтар саны шамамен, 0,7%.

Пандемия туристік сақтандыруды дамытудың драйвері болып танылды. МСТ полистері бұрын сатылмаған елдерде, туристерді міндетті сақтандыру пайда болды. Сонымен қатар, қамтылатын тәуекелдер тізбесіне- COVID-19 диагнозымен госпитализациялау тармағы қосылды.  2020-2021 жылдары, аталған тармақ, туристерді ерікті және міндетті сақтандыру полисін ресімдеу кезінде, әлем бойынша ең маңызды болып танылды.

Нарықтың туристік сақтандыру саласында өсуіне, сонымен қатар, цифрлендіру әсер етті. Саяхатшылар смартфон және интернетті, МСТ полисін онлайн сатып алу үшін,  белсенді қолданатын болды. Сақтандыруды жеке және тез, өмірді сақтандыру компанияларының және авиакомпаниялардың сайтында ресімдеу мүмкін.

Қазақстандық туристерді ерікті және міндетті медициналық сақтандыру құны – нақты белгіленбеген, және көптеген факторларға тәуелді:турист қай елге шығады, бағыты қандай, көлік түрі, неше күнге және т.б. МСТ міндетті сақтандырудың орташа құны - 15 евро (ағымдағы бағам бойынша, 7 303 теңге).

«Freedom Travel бағдарламасы бойынша ерікті сақтандыру құны  – шамамен  12 мың теңге құрайды. Алайда, шығатын елі және мекендеу мерзіміне қарай, шамамен-130 мың теңге және одан жоғары болуы мүмкін. Сақтандыру шұғыл медициналық көмек көрсету, шұғыл стоматологиялық қызмет көрсету, сақтандырылғанды медициналық тасымалдау, қажетіне қарай, үшінші тұлғаларды мекендеу еліне немесе басқа медсервиске жеткізу шығындарын өтейді. Төлем 10 және 100 мың евро құрауы мүмкін»-деп, Freedom Life мамандары түсініктеме берді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу