Оралда қаңғыбас ойда-жоқта "миллионер" атанды

Оралда қаңғыбас ойда-жоқта "миллионер" атанды

Оралда тұрғылықты мекенжайы жоқ уақтыша бейімделу орталығының тұрғыны Владимир Радкевич сөзжұмбақ шешіп, 2 миллион рубль ұтып алды.

Бұл туралы Мой город басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Тілшілер уақытша бейімделу орталығына "миллионермен" жүздесуге келгенде өкінішке орай ұтыс иесінің дәл өзі мекемеде болмаған. Әкімшілік түсіндіргендей, ол бірнеше күнге сұранып кетіп қалған екен.

Заңгердің айтуынша, ұтыс жайлы естігенімен, алайда бұл қаншалықты рас екенінен хабары жоқ.

Ал осы орталықтың тағы бір тұрғыны Владимир Власовтың айтуынша, оның досы Радкевич шын мәнісінде 2 миллион рубльден астам қаржы ұтқанын растап отыр.

"Ол сөзжұмбақты шешті. Содан соң оны біржаққа жіберді. Кейін оған анкетаны толтырып, банкке бару жөнінде арнайы қағаз келді. Ол банкке кеткен шығар, мен оған хабарласамай отырмын", - деп әңгімеледі Владимир Власов.

Айта кету керек, Владимир Власов досының шын мәнінде мәліметтерді қайда жібергенін білмейді. Әңгіме барысында ол Мәскеу туралы айтып қалған, соған қарағанда ол ұтысын Ресей рублімен алуы мүмкін.

Ал “миллионердің” өзі бірнеше күннен кейін бейімделу орталығына қайта оралуы тиіс.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?