file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақстан ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірді

Қазақстан ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірді

Қазақстан ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірген. Бұл, Ұлыбританиялық басылым таратқан ақпарат деп хабарлайды 31 арна.

Тек өткен жылы елімізде 150 мың жұп некеге тұрып, соның үштен біріндей отбасының дәм-тұзы жараспаған.

Сотта қаралатын азаматтық істердің дені - неке бұзу. Тек былтырғы жылы елімізде 150 мың жас - отау көтерсе, 53 мың жұп ажырасып үлгерген. Статистика комитетінің дерегінше, ажырасқан отбасылар саны жеті жыл қатарынан өсіп келеді. Себептері әртүрлі.

Кәмелеттік жасқа толмай жүкті болып, баласын көше бойына тастап кете баратын аналар қоғамға селкеу түсіретіні анық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да осы бір мәселенің астарына үңіліп, қыз баланың тәрбиесі жайлы ағартушылық, үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен екен.

"Биыл Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ішінен осы қыздар бөлімін ашайық деген ойымыз бар. Сол жерде еліміздегі жас қыздармен жұмыс істейтін бір бөлім болса, қыз балаларға тәлім-тәрбие үйрететін бөлім болса деген ниетпенен Алла жазса, болашақта қыздар бөлімін ашайын деп отырмыз", - дейді Бас мүфти Ержан қажы Майямеров.

Некенің бұзылуына ер кісілер де себепші-дейді жиналғандар. Жастығы басылмай, желік қуған азаматтар отбасының қадірін кеш түсінетін көрінеді. Жалпы былтырғы жылы ажырасу Алматы, Қарағанды, Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан өңірлерінде жиі тіркелген. Мамандар ажырасып жатқандар кейінгі жылдары қайта қосылмайтын болған деп отыр.

дереккөз, ФОТО: LADY.CARAVAN.KZ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?