Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
Банктік салымдар – ақшаны жинақтау мен пасситік кіріс алудың кеңінен тараған түрлерінің бірі. Депозит сияқты ақша сақтаудың қарапайым тәсілінің де қыр-сыры бар.
Салымдардың қандай түрлері болады
Қазақстанда Депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) әдіснамасы бойынша салымдар мынадай түрлеге жіктеледі:
- мерзімді емес;
- мерзімді - толықтырылатын және толықтырылмайтын;
- жинақ - толықтырылатын және толықтырылмайтын.
Әрбір банкте салымдар ақша қаражатын басқару, оның мерзімдері, пайыздық мөлшерлеме талаптары бойынша бөлінеді. Олар, мәселен, белгіленген немесе айнымалы пайыздық мөлшерлемемен, мерзімінен бұрын алу немесе ондай мүмкіндіксіз, салым сомасына шектеулермен және т.б. болуы мүмкін. Толығырақ қарастырып көрелік.
Сыйақы мөлшерлемелері, әдетте, Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне жақын болды. Базалық мөлшерлеме – елдің ақша-кредит саясатының негізгі құралы болып табылады, ол бойынша Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге кредиттер береді, олардың ақшасын сақтауға қабылдайды, сондай-ақ елдегі инфляцияның деңгейіне әсер етеді. Мысалы, егер сыйақының базалық мөлшерлемесі төмендесе, онда кредиттер мен депозиттер бойынша банктердің мөлшерлемелері де біртіндеп төмендейді.
Сыйақы мөлшерлемесі жинақ салымының қолданылу мерзіміне тікелей байланысты. Жинақ салымдарын толықтырумен және толықтырусыз ашуға болады. Айтпақшы, толықтырылған жинақ салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі әдетте толықтырусыз жинақ салымдарына қарағанда төмен болады.
Нарықтағы мөлшерлемелер өзгеруі мүмкін, бірақ жинақ салымдары бойынша олар әрқашан жоғары. Мұны ең қатаң шектеулер үшін өтемақы деп қарастыруға болады: бұл салымнан ақшаны мерзімінен бұрын алу сұрау салғаннан 30 күн өткен соң ғана мүмкін болады, ал есептелген сыйақы сомасы түгелдей дерлік жойылады.
Қазіргі уақытта депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері қандай
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚДКҚ ай сайын агрессивті депозиттік саясатты жүргізуге бейім банктердің белгілі бір санаты үшін мерзімдер бойынша депозиттердің барлық түрлері бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін белгілейді. Жалпы алғанда, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді белгілеу үшін бағдарды нарық қалыптастырады.
Банктер, бұрынғыдай, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді дербес белгілейді, бірақ бұл ретте жүйелік тәуекел үшін жарнаны банктің мөлшерлемесі мен орташа алынған нарықтық мөлшерлеме арасындағы спредке байланысты төлейді: банк мөлшерлемелерінің нарықта қалыптасқан мөлшерлемеден ауытқуы неғұрлым көп болса, оның болашақ төлемдер үшін ҚДКҚ резервіне жарнасының мөлшері де соғұрлым көп болады. Сонымен қатар, егер банктің мөлшерлемесі орташа нарықтық мөлшерлемеден төмен болса, жаңа тетік арқылы резервке күнтізбелік жарналардан дисконт көзделген, нәтижесінде ҚДКҚ үшін барлық қатысушы банктер бойынша жүйелік тәуекел үшін жарнаның жалпы мөлшері нөлге тең болады. Яғни, депозиттерді нарықтан қымбат тартатын банктер нарықтық мөлшерлемелерден төмен тартатын банктердің орнына «төлейді». Осылайша, нарық өзін-өзі реттейтін болады және нарықтағы мөлшерлемелердің одан әрі қозғалысы әрбір жеке банктің шешімдерінен құралады, ал жүйелік тәуекел үшін икемді және тепе-тең төлемді белгілеу ҚДКҚ мен реттеушінің директивалық араласуынсыз банктердің агрессивті депозиттік саясатын шектеуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: Fingramota.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?