file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Назарбаев ЭКСПО-ның бюджетін 131 млрд теңгеге қысқартты

Назарбаев ЭКСПО-ның бюджетін 131 млрд теңгеге қысқартты

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Ахметжан Есімов Назарбаевқа Астанада өтетін халықаралық көрмеге дайындық барысын баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» өткізу аясында алдағы жылдары ауқымды жұмыс атқарылатынына тоқталып өтті. Атап айтқанда, көрмеге қатысушылар құрамын, қазақстандық павильонның және өзге елдердің нысандарының мазмұндық жағынан толтырылуын анықтау қажет. Сондай-ақ іс-шараны өткізуге және қонақтарды қарсы алуға елорда инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар сапалы дайындалған мәдени бағдарлама, волонтерлерді тарту, көрме аумағын одан әрі халықаралық қаржы орталығы ретінде пайдалану мәселелері бүгінде маңызды міндеттер болып отыр.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов бүгінгі таңда 70 мемлекет көрмеге қатысатынын растап отырғанын хабарлады. Оның ішінде 35 мемлекет дамыған елдер қатарына жатады. Сонымен бірге көрмеге ірі трансұлттық компаниялар да үлкен қызығушылық білдіруде. Тұтастай алғанда, Тіркеу құжаттамасында көрсетілгендей, 100 қатысушы мемлекет межесіне қол жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ президенттің тапсырмасы бойынша ұлттық компания көрменің өткізілуі үшін тағы 53 млрд. теңге көлеміндегі шығынды қысқартқан, бұл жерде айта кету керек, нысандардың қызмет ету мүмкіндіктері сақталады.

Осылайша, шығындарды оңтайландыру бұған дейінгі қысқартуларды есепке алғанда барлығы 131 млрд теңгені құрайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?