Отандық журналист Қайрат Нұртастан көңілі қалғанын айтты
Отандық журналист Айгүл Сапарханқызы қазақ эстрадасында ерекше танымалдыққа ие болып, өнерімен көпті тәнті еткен Қайрат Нұртас соңғы уақытта қазақы тәрбие көрген жасқа тән емес жат қылықтар танытып жүргенін сөз етті.
Мұны біз Қайраттың ғаламторды шарлап жүрген түрлі отырыстардағы «қызықтары» жазылған видеоларға қатысты айтып отырғанымыз жоқ, деп жазады "Қамшы" порталы.
Желтоқсан айында Астана мен Алматыда дүркіретіп концерт өткізген әнші Ресейге арнайы барып, Тимати мен Ньюша деген екі әншіні алдыртты. Рас, қазақ жастарының арасында бұларды тыңдайтындар, тіпті, өнеріне табынатындар жетіп артылады.
"Бірақ, елімізде католик дінін ұстанатындар бар екен деп күнде Рим папасын қонақ ете алмайтынымыз сияқты, ұлттық танымымызға жат осы біреулерді шақырмаса да Қайраттың концерті өтпей қалмас еді ғой", - дейді журналист Айгүл Сапарханқызы.
Онымен қоймай, ақпарат құралдары «Қайрат концертіне келген ресейлік әншілерге 89 миллион теңге ақша төлепті» дегенді жарыса жазды. Бұл да әншіге деген соңғы үміті сөнбеген тыңдарманның көңіліне қаяу түсіргені анық.
Ал, «…Я вообще не местный.
Да, и без прописки.
Ну, а че красаучик, меня любят киски,
101 роза, пополняя списки, о какая ж..а,
Какие с..ки, слышь дай-ка номерок быстро...», - деген сияқты дөрекі мәтіндерді ән етіп айтып жүрген Тиматидей әншілер кейбір шала сауат қазақтарға болмаса, былайғы жұртқа еш қызық емес. Мұны бір білсе, Қайрат білуі тиіс еді. Алайда, олай болмады.
«Мен бірінші болып Тиматиды алдырттым, Ньюша менің концертіме арнайы келді» деген мақтан қымбат болған сыңайлы бәрінен.
Хош. Болған іс болды. Тимати кетті. Іс бітті. Тыңдармандарымен байланыс ұстайтын, олардың арасындағы пікір ауанын зерделейтін әнші болса, бұдан кейінгі жерде аяғын аңдып басар еді ғой. Олай да болмады.
Қайрат тағы да даңғазалыққа, дарақылыққа салды. Басқа айналысар түгі жоқтай, қаңтардың аязында Қостанайға барып, христиан жамағатымен бірге «Шоқыну мейрамында» суға түсті. Оны тағы да «Мені көрдіңдер ме?» дегендей ғаламторға жариялады.
Журналистің пайымынша, қанша жерден Ресей әншілеріне ақша төлеп, бірер ауыз ән айттырсын, қанша жерден солардың мейрамын тойласын, тіпті, шоқынып кетсе де орыстар Қайратты керек те қылмайды.
Шоқынып кетсе де орыстар Қайратты керек те қылмайды
Шымкентше айтқанда, қанша жерден «жыртылса да», олар үшін көп «Чурканың» бірі боп қала береді. Қайратқа дейін де талай әнші Ресей жаққа қарап ыңылдаған. Қаншасы Мәскеу, Петербор барып, сіңісе алмай қайтып келген. Ендігілер де сөйтеді.
"Қалай болғанда да өз баламыздың бұлай адасуы жөн емес. Сезімнің нәзік қылын шертетін ойлы әндермен көптің жүрегін жаулаған ерекше дарын иесінің көз алдымызда бұлай жексұрын кейіпке еніп бара жатқаны жанымызға батады", - дейді журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?