Елімізде енді такси жүргізушілері жалпыға бірдей декларацияны тапсырулары керек
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Нұржан Қуандықовтың сөзінше, енді кез келген кәсіпкерлік қызмет тіркелуі міндетті.
«Жалдамалы жұмыскерлері жоқ азаматтар шағын бизнеске жатады, олар үшін арнайы мобильді қосымша ретінде арнайы салық режимін қарастырдық. Такси жүргізушілері үйден шықпай-ақ мобильді қосымша арқылы тіркеліп, салық төлей алады. Мемлекеттік кірістер комитеті «Яндекс таксимен» бірлесіп, пилоттық жоба жүргізуде. Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі. Бірінші кезеңде мемлекеттік қызметкерлер кірді. Екінші кезеңде — квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, бюджеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары. Үшінші кезеңде – кәсіпкерлер, басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары. Егер такси жүргізушісі осы санаттардың біріне кірсе, онда біз оны аламыз. Егер такси жүргізушісі дара кәсіпкер болса, 2023 жылы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіреді», — деді Нұржан Қуандықов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?