Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі
Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.
«Үкімет бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту бойынша жұмыс істейді. Оны халықаралық тәжірибе негізінде балаларды ерте дамыту жөніндегі ұлттық жоспарға енгізеді. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу және қосымша білім беруді жан басына қаржыландыру арқылы 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды 99 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз» — деді Асқар Мамин.
Оның атап өтуінше, 400 жаңа балабақша ашылады.
«Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі», — деді Үкімет басшысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?