Діни мерекелер 2024: ораза қашан, Құрбан айт, Қадір түні


ҚМДБ діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін ескертті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды мүфтият.
Күнтізбе бойынша келесі жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
Барша мұсылман үшін оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады.
Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келіп тұр. Мейрам үш күн тойланады.
ҚМДБ хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын атап өтті.
Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу