Батырхан Шүкеновтың анасы: Балам кісі қолынан қаза тапты деп ойлаймын

Батырхан Шүкеновтың анасы: Балам кісі қолынан қаза тапты деп ойлаймын

Батырхан Шүкеновтың анасы Дилара Шүкенова ұлы кісі қолынан қаза тапты деп ойлайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтты.

"Менің ойым сол, суға бірнәрсе қосып берді ме деп ойлаймын. Балалар айтады ғой, ол өзінің кететінін білген деп. Барлығын тапсырып, бәрін көрсетіп", - дедген ол ұлының бұрын-соңды жүрегі ауырмағанын алға тартты.

"Есіл дерті баласы еді, оны өте жақсы көретінү Батырханнан кейін адам болмай қалдым ғой, жүре алмаймын, еш жерге шыға алмаймын. Көз алдыма келеді де тұрады. Жылай беремін.

Халыққа ризамын, олардың алдында жылай беруге де ұялады екенсің. Қай күндері Меладзе келіп, басына гүл қойып, жылар тұрып құшақтап жатыр. Бәрін ризамын, қазаққа да ризамын, орысқа да ризамын", - деп есіне алды ана.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?