Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты


Түркістан облысында мемлекеттік мекеме қызметкері өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бейнежазбадағы кейіпкер жұмыспен қамту орталығының қызметкері.


Оқиға 17 шілде күні Сайрам ауданы Ақсукент ауылында болған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 29 өрт сөндіруші мен сегіз полиция қызметкері шықты.

«Жұмыспен қамту орталық ғимаратының бірінші қабаты мен «Светофор» дүкенінің шатырынан өрт шықты, өрт 413 шаршы метр аумақты қамтыды. Сағат 14.31-де өрт оқшауланып, 16.15-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу