file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

"Димашта мектеп жоқ, оның дауысы қойылмаған" - Бақыт Шадаева (ВИДЕО)


Белгілі әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергеннің өнері туралы өз ойын айтты.

Бұл туралы ол "Elmedia" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.


"Димаштың өзінде де постановка жоқ. Оның Құдай берген, табиғат берген дауысы бар. Бәрі тамаша, бірақ оның мектебі жоқ, дауысы қойылмаған. Оның себептері білемін, өз көз алдымда өскен бала. Оған өмірге үлкен жолдаманы берген мен болатынмын. "Жас қанатқа" қатысып жатқан кезде, барлығы "Ондай дауыстар кетсін, құрсын" деп жатқан кезде мен ол кезде "Димаштан артық талантты көріп тұрған жоқпын", - дедім. Ол расында да өте талантты жігіт. Бірақ, Димаштың мектебі жоқ. Дауысы қойылмаған адам алысқа бара алмайды деп қорқамын. Бірақ, Құдай берген таланты бар. Дегенмен әрбір адамда мектеп болу керек, білім болу керек. Онсыз сіз алысқа бара алмайсыз", - деді Бақыт Шадаева.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу