Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды


Елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру 14 қазанда басталады. Қуанышты жаңалықты Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.


Әкімнің айтуынша, жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру елорданың жас мамандарына арналған.

"Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында "жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үйге кезегінде тұрған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салалары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, полиция департаменті, төтенше жағдайлар қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлеріне арналған", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға "Отбасы банк" мен 2021-2023 жылдарға арналған "Elorda Jastary" бағдарламасы көмектеседі.

Бағдарламаның шарттары қандай:

  • Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда, жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес) жастар қатыса алады.
  • қалада кемінде бір жыл тіркеуде тұруы қажет,
  • "Отбасы банкте" жинақ шоты бар болуы керек,
  • бағдарлама үміткерінің жеке тұрғын үйі болмауға тиіс (соңғы 5 жыл ішінде),
  • ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады, qatysu.zhilfond.kz порталында жүзеге асырылады.Қатысушылардың санаттары, тұрғын үй алу талаптары мен алгоритмі бойынша қосымша ақпаратпен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында (zhilfond.kz) танысуға болады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушыларды іріктеу балдық жүйеге сәйкес басталады.

Төменде санамаланған қызмет салаларының бірінде Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мемлекеттік қалалық, республикалық мекемелерде немесе кәсіпорындарда соңғы 1 жылдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыратын:
- Медицина қызметкерлері;
- Педагогикалық қызметкерлер;
- Мәдениет саласының қызметкерлері;
- Жаттықтырушылар мен спортшылар-оқытушылар;
- Әлеуметтік сала қызметкерлері;
- Ғылыми ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері;
- БАҚ қызметкерлері, журналистер (мемлекеттің 100% қатысуымен);
- Коммуналдық кәсіпорындардың/мекемелердің қызметкерлері;
- Полиция департаменті (оның ішінде бөлімшелер);
- Төтенше жағдайлар департаменті  және қандай да бір қызмет саласына жатпайтын, бірақ Нұр-Сұлтан қаласында "Жетім балалар"санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар да қатыса алады.

"Сонымен қатар, биыл Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын жалғастырамыз. Осы бағдарлама аясында бір мыңнан астам жас баспаналы болады", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

дереккөзі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу