Оқулықтың электронды нұсқасы балаларды ауыр сөмкеден қашан құтқарады


Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов БАҚ өкілдеріне мектеп оқулықтарының электронды нұсқасын қолданысқа енгізу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.



Елдос Нұрлановтың айтуынша, оқулықтардың электронды нұсқасы қолданысқа енуі үшін оны орналастыратын платформалараға ақылы жазылу мәселесі шешімін табуы керек. Әзірше «Жазылу шығыны ата-аналардың қалтасынан алына ма, әлде жергілікті бюджеттен алына ма» деген сұрақтың басы ашық.


«Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарының электронды нұсқасын оқыту процесіне белсенді пайдалану мәселесі аракідік талқыланып жүр. Қағаз оқулықтармен қатар электронды оқулықтарға жазылудың регламенті пайда болуы керек. Сонда қағаз оқулықпен қатар электронды оқулықтарды жазылу арқылы пайдалану мүмкіндігі туындайды. Әзірге ол регламент бекітілген жоқ. Бірақ менің ойымша, оның да тетіктері әбден ойластырылып, тиісті нормативтік-құқықтық актілері бекітілуі керек», - деді орталық директоры.


Елдос Нұрланов электронды нұсқаны кітап орнына пайдалану тәжірибесін енгізу үшін әуелі саяси шешім қабылдануы керектігін айтты.

«Әрине, баласы арқалап жүрген сөмкенің ауырлығын айтып, алаңдайтын ата-аналардың бар екен рас. Бұл мәселе әлі талқылану үстінде. Ол үшін электронды нұсқаны қағаз оқулықтармен қатар қолдану немесе кітапты ауыстыру туралы саяси шешім қабылдануы керек. Осындай шешім қабылданатын болса, жергілікті атқарушы органдар қазіргідей қағаз оқулықтарды сатып алатыны сияқты электронды оқулықтарға жазылу құнын төлеп, білім беру платформалары арқылы пайдалануға болады. Бірақ бұл әлі жұмыс барысындағы мәселе. Нақты шешім шыққан жоқ», - деді Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу