Аймағамбетов: Мектеп мұғалімдерінің еңбекақысы өсті
Жас мамандарды мектеп жұмысына ынталандыру үшін "педагог-модератор" біліктілік санатын берудің жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.
– Дарынды жастарды педагогикалық мамандыққа тарту мақсатында мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін тиісті жұмыс жалғастырылуда. Педагогикалық бағыт бойынша оқуға түсуге қойылатын талаптар біртіндеп күшейтілуде. Осылай 2020 жылы оқуға түсу балы 60-тан 70 балға дейін көтерілді, арнайы емтихан мазмұны өзектендірілді.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясы ұлғайтылды (26 186-нан 42 000 теңгеге дейін). Мектеп мұғалімдерінің еңбекақысы өсті. Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу үшін жоғары оқу орындары білім басқармаларымен, мектептермен өзара іс-қимыл жасайды, – деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық білім беру бағдарламалары педагогтің кәсіби стандартына және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес жаңартылған. Бұл ретте педагогикалық практикаға арналған әдістемелік ұсыныстар жасалынған және оқытудың барлық кезеңінде практиканы ұйымдастыруды көздейтін үздіксіз практикалық оқыту жүйесі енгізілген.
"2018 жылдан бастап педагогті аттестаттау рәсімдерінің жаңа форматы енгізілді. Осыған байланысты министрлік нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Оған сәйкес 2021 жылдан бастап педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері үшін ұлттық біліктілік тестілеуінен міндетті өту нормасы енгізілді. Аталған шара түлектердің құзыреттілігін растауға және білім беру ұйымдарын білікті жас мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді" делінген министр жауабында.
– Тәжірибе алмасу аясында жоғары оқу орындары оқытушыларының жаппай ашық онлайн курстарын әзірлеп, білім беру платформаларына орналастыруға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мектептермен бірлесіп өзара тәжірибемен алмасу және студенттерге инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдістерді тиімді оқыту мақсатымен консорциум құрды.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындары педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Осы бағытта министрлік жоғары оқу орындарына педагогикалық-психологиялық дайындықты күшейту үшін педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларының мазмұнын өзгертіп, оқу нәтижелерін түзетуді ұсынды, – деді министр.
Сонымен қатар, жас мамандарды мектеп жұмысына ынталандыру үшін шетелдік жоғары оқу орындарын, "Болашақ" бағдарламасын, ағылшын тілінде пәндерді оқыту құқығымен бітірушілер, сондай-ақ президенттік кадр резервіне кірген адамдар үшін "педагог-модератор" біліктілік санатын берудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген.
– Осылайша министрлік педагогикалық білім беру сапасын арттыру және мектептерді жоғары білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету бойынша жүйелі, кешенді жұмысты жүзеге асырып жатыр, – деді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?