file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бойжеткен жігітті тексермек болып алғашқы кесдесуге 23 туысын ертіп келді


Қытайлық әйел жігіттің қаншалықты жомарт екенін тексермек болып, алғашқы кездесуге 23 туысын әкелді.


 Бойжеткен өзінің 29 жастағы жігітпен алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келді. Ол жігітті осылайша тексермек болды.


Кешкі астан кейін ер адам мейрамханадан қашып кетіп, 20 мың юаньға есепшотты төлемей кетті. Бұл сома өте көп еді, өйткені қыздың туыстары көптеген деликатес пен алкогольдік сусындарға тапсырыс берген.


Нәтижесінде қытайлық жігіт пен қыз есепшотты бөліп төлеуге келісті, қалғанын оның туыстары өтейтін болды.


Бұл кездесуді қыздың анасы ұйымдастырған. Ол тұрмысқа шыға алмай жүрген қызының тағдырына алаңдапты. Кездесуге келер алдында ер адам кешкі ас үшін ақша төлеуге уәде берген.


Бұл оқиға Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу пікірталас тудырды. Қолданушылардың көпшілігі кездесу күні ер адам қыз балаға ақша төлеуі керек, ал егер ол өзімен бірге басқа біреуді алып келсе, ол жай ғана кетіп қалуы керек деп пікір жазды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу