"Жылағым келіп тұр": Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жұрттың жүрегін елжіретті
Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Айта кетейік, 30 шілде күні өнер иесі қазақ тілінде түсірілген жаңа бейнеклипінің аяқталғанын хабарлаған еді.
"Достар! Бірнеше күн бұрын қазақ тіліндегі керемет бір ән желісімен түсірілген бейнеклиптің аяқталғанын қуана хабарлаймын. Таяуда жаңа ән мен видео жарыққа шығады", - деді Димаш Құдайберген.
"Қайран елім" атты жаңа туындының әнін Ренат Гайсин, ал сөзін Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір жазған.
Видеоклип өнер иесінің Youtube желісіндегі парақшасында жарияланды.
Бұны көрген желі оқырмандары Димаштың әншіліген бөлек, адамгершілігін сөз етті.
"Жылағым келіп тұр, клип өте әсерлі", "Елін ойлаған жүрегінен айналдым", "Әншілігінен бөлек, адамгершілігі бір төбе азамат екен", "Індет қаншама қазақстандықтың өмірін жалмады. Димаш бұған бей-жай қарай алған жоқ. Нәтижесінде осындай таңғажайып туынды өмірге келді, жарайсың бауырым", "Димаш осы бейнебаяны арқылы Қазақстанның табиғатын, ұлттық аспабы қобызын әлемге танытпақшы" деді олар.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергенмен бірнеше жыл бойы етене жұмыс істеген Алпамыс Шәрімов айырылмас досымен жолдары не себепті екіге бөлініп кеткенін айтып берген болатын.
Ол бар жұмысты әншінің әкесі Қанат Айтбаев өз қолына ала бастаған соң, артқа шегінуге шешім қабылдағанын түсіндірді.
Оған қоса, Димаш пен Алпамыстың достығы да айтарлықтай мінсіз болмаған. Шәрімовтың айтуынша, олар өзара көп ренжісіп, тіпті кейде сөйлеспей қалатындай кездері де болған.
"Менде Димашқа деген қызғаныш болған жоқ. Мен оның тіпті әлі де өз деігейіне жеткен жоқ деп есептеймін. Ол Майкл Джексон секілді ұлы әншілер қатарында болуға әбден лайық. Бүгінде мен Димаштың досы емеспін, жанкүйерімін. Уақыт өте келе адамдардың жолы екіге бөлінеді екен. Әркімнің өз жолы болады. Алланың қалауы сол болған шығар. Сол уақытта менде жеке басыма, үйіме байланысты проблемаларым болды. Денсаулығыма қатысты мәселелер туындады", - деді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?