file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағымының өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, тіпті, бұршақ жаууы мүмкін.

Жел күшейе түседі. Тек батыс өңірлерде ғана күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атап айтқанда, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодар облысында ол 18 м/с болады.

Қостанай облысында түнде кей аймақтарында тұман түседі, күндіз жел 18-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғып, түнде және таңертең күн тұманды болады.

Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 0-3 градусқа дейін суытады.

Атырау облысында күндіз күн қатты ысиды. Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде және республиканың орталық бөліктерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды