Қазақстан азаматтарынан коронавирус анықталды
Қазақстанда екі азаматтан коронавирус анықталды. Олар Германиядан келген.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
Өздеріңізге мәлім, 3 айдан бері Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге коронавирус инфекциясының Қазақстанға енуіне жол бермеу бойынша көп шараны іске асырдық, көп жұмыс істелді, бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Алматыдағы зертхана бүгін Германиядан келген екі азаматтың коронавирус жұқтырғанын растады. Бас санитар дәрігердің қаулысымен бұл пациенттер Алматыда карантин стационарына жатқызылды. Барлық шара біз бұрын қабылдаған алгоритм бойынша қолға алынып жатыр. Қазір пациенттердің жағдайы жақсы, – деді Елжан Біртанов.
Министрдің айтуынша, коронавирус жұқтырғандар – 1974 жылы туған ер адам мен 1984 жылғы әйел адам. Бірі 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда ұшып келген. Ұшақта олармен бірге келген жолаушылардың бәрі анықталып, карантинге жатқызылады.
Коронавирус инфекциясына қатысты барлық ақпаратты “1406” нөмірі бойынша call-орталықтан алуға болады.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады. Қазақстанда арнайы сақтық шаралары қолға алынды.
дереккөз

Коронавирус таралуының алдын алу шаралары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?