Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады

Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады

"Қазгидромет" 20-22 наурыз күндердегі ауа-райы болжамын ұсынады.

"Қазақстанның оңтүстігінде, орталығы және шығысында 18 наурыз күнгі болған күннің күркіреуі көктемнің келгенін жария етті. Енді, мереке күндері - 20-22 наурызда күтілетін жауын-шашын, тұман және көктайғақ та ештеңе өзгерте алмайды. Жауын-шашынның тоқтауы және күннің ашылуымен көктемгі шуақ ауаны тез жылытады, соның әсерінен температура нормасы осы уақыттың әдеттегі жылуынан 3-8º жоғары болмақ", - делінген хабарламада.

Жақын күндері Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашыны, көктайғағы, 15-20 м/с күшті желі бар тұрақсыз ауа райы күтіледі.

"Бірақ мұндай ауа райы тек 22 наурызға дейін болады. 22 наурыздан соң ауа райы жағдайы жақсарады. Температуралық фон жоғарылайды. Көктем республиканың солтүстігіне наурыздың соңында келеді", - деді ауа райын болжаушы маман.

Сәуір айында температура қалыпты мөлшерден жоғары болады, сонымен бірге суық ауа толқындары да болып тұрады.

"Бес градус аяздан төмен температура сәуір айының ортасында болуы мүмкін, республиканың оңтүстігінде шамамен 0-3 градус суық болады", - дейді гидрометорталығының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу