"Адамдар кедейленіп кетті": Тоқаев Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингтер себептерін айтты

"Адамдар кедейленіп кетті": Тоқаев Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингтер себептерін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еuronews тілшісіне сұхбат беріп, еліміздің алып шаһарларында өткен митингтерге қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды nur.kz.

"Ереуілшілерге келсек, олар наразылықтарын танытып, көшеге шықты. Қазір олардың талаптарының талдамасы жасалуда. Көбінесе бұл әлеуметтік мәселелерді қамтитын талаптар. Ондай мәселелер барын жасырмаймын. Негізінен бұл адамдардың тұрмыс деңгейі төмендегеннен болып отыр.

Олар үкіметтен күнделікті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді талап етуде. Билік оларды естіді. Сол бойынша жұмыс істейміз. Қоғам қауіпсіздігіне зиян келтірмейтін заң бұзушылық жасаған адамдар бар - олар жақын арада босатылатын болады.
Ол жерге кездейсоқ түскен адамдар бар деп естідім. Олардан кешірім сұраймыз, олар көп ұзамай босатылатын болады. Бұл мәселе шешіледі", - деді Тоқаев.

Осыдан кейін Euronews тілшісі Галина Полонская сайлау заңсыз өтті дегендерге қандай шара қолданылатынын сұрады.

"Олар әлбетте, босатылады. Себебі бұл олардың ойы. Ал мен мысалы, жалпы сайлау әділ өтті деп есептеймін. Міне, солай", - деді мемлекет басшысы.

Келесі сұрағында тілші көшедегі "ереуілдер ары қарай басылып отыра ма" деп сұрады.

"Заңсыз нәрсенің бәрі тоқтатылып отырады. Бас прокуратура бірнеше рет көшеде бұлай жиналу заңсыз екенін ескертті. Санкцияланбаған митингтер, тәртіпсіздіктер - мұндай акцияға қатысуды қаламайтын тұрғындарға кедергі келтіреді", - деді президент.

Еске сала кетейік, 9, 10 маусым күні, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өткен заңсыз митинг кезінде 700-ге жуық адам ұсталып, 550-і жауапкершілікке тартылған.

Кейін Тоқаев ұсталғандарға қатысты мәлімдеме жасап, кінәсіз азаматтарды бостау қажеттігін айтты.

[media=https://youtu.be/PCjaj2-wEoM]

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу