Головкин бокстан әлем чемпионы атағын Кертис Стивенстен қорғап қалды

Головкин бокстан әлем чемпионы атағын Кертис Стивенстен қорғап қалды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Нью-Йоркта АҚШ боксшысы Кертис Стивенспен бокстасты.

Кездесу Астана уақытымен айтсақ, 3 қараша күні сағат 9:00-де басталды. 12 раундтық жекпе-жек 8-раундтан кейін аяқталды. Бапкерлері Стивенс нокдауннан кейін Головкиннің соққыларына тиісті дәрежеде тойтарыс бере алмай жүрген соң рингке ақ орамал тастап, оның ары қарай бокстаспайтынын білдірді.

Осылайша, Головкин WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) версиялары бойынша орта салмақ (49-72,5 килограмм) бойынша бокстан әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Бұл - Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы 28-кездесуі. Осы кездесулерінің бәрінде ол қарсыластарын жеңіп келеді.

Қазақстандық боксшы 25 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. Головкин 2013 жылы қаңтарда америкалық Габриэль Росадомен кездескен еді. Ол кездесуде Росада да Головкиннен ақ орамалмен құтылған.

Ал наурызда жапониялық Нобухиро Ишиданы, маусымда британдық Мэттью Маклинді нокаутпен жеңген. Головкин - 2011 жылдан бері (WBA) әлем чемпионы. Ол осымен бұл атағын тоғызыншы рет қорғап қалды.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=N4_obGj-Plw]

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?