file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ашық-шашық жүретін Жолдыбаеваның клипіне түскен Тәуекелдің басы дауға қалды (видео)

Ашық-шашық жүретін Жолдыбаеваның клипіне түскен Тәуекелдің басы дауға қалды (видео)

"Тағы да сүй" атты жаңа клипінде жартылай жалаңаштанған Кәмшат Жолдыбаева мен бейнебаянда актер ретінде ойнаған Тәуекел Мүсілімнің басы дауға қалды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған бейнебаян YouTube желісінде қызу талқылану үстінде.

"Тәуекел Мүсілімнен басқа жігіт жоқ па?", "Тәуекел "Кешьюдің" қыздарының клипіне түсуден шаршамайды екен, басқа актер табатын уақыт келді ғой", "Тағы да Тәуекелді түсірген. Қазақстанда содан басқа жігіт құрып қалды ма осы? Басқа жас актерларды неге түсірмейсіздер?", "Тәуекелсіз болмады ма?", "Тәуекелді көзге күйік болды ғой, көріп -көріп шаршадық осы жігітті", - деп жазды желі қолданушылары.

Кәмшаттың жартылай жалаңаштанған образы да қалың тыңдарманның назарынан тыс қалмады.

Ашық-шашық жүретін Жолдыбаеваның клипіне түскен Тәуекелдің басы дауға қалды (видео)

"Кәмшат күннен күнге жалаңаштанып бара жатыр", "Ән мен би жақсы. Бірақ Кәмшаттың қысқа көйлек кигені дұрыс болмапты", "Сіңлісі екеуі жалаңаштанып болмады ма екен?!", "Жанна Фрискеге ұқсап өзін көрсеткісі келеді, бірақ түк жараспайды", "Көйлегіңді тағы да қысқартып алмадың ба?", - деп пікір білдірген әншінің тыңдармандары.

Еске салсақ, Тәуекел Мүсілім 26 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін "Брат или брак" атты комедиялық фильмде ойнайды. Ал Кәмшат Жолдыбаева болса аталған фильмнің саундтрегі болған "Тағы да сүй" әнін орындайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды