27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)

27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе сапарын өңірдегі зиялы қауым өкілдерінің кездесуімен қорытындылады. Сөз сөйлегісі келіп, тілек айтуға ұмтылғандарға да мүмкіндік берілді. Президент саяси жағдайы күрделі елдер туралы сөз қозғап, ел ішіне іріткі салып жүргендерден сақ болу керектігін ескертті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«5 миллион адам босқын болып кетті. 100 мың адам қаза тапты. Не үшін? Елдің ішіне іріткі салатын саясаткерлердің кесірінен. Ондай адамдар бізде де бар. Мұқият болу керек.

Менің 27 жылдан бері қарай жасап келе жатқан жұмысым, ең алдымен қазақтың тыныштығы, қазақтың бірлігі. Қазақтың өз бірлігі болмаса түк болмайды. Төле бидің: «Жүзге бөлінгеннің жүзі қара, атаға бөлінген қалсын адыра» деген сөздері бар. Бекер емес. Халқымыздың бірлігі маңызды»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)

Сонымен қатар, мемлекет басшысы қарапайым халықты еңбек етіп, бай болуға үндеді. Ал, қалталыларды барын мұқтаж жандармен бөлісуге шақырды.

«Ақтөбеде әлеуметтік нысандар көп. Барлығы ойластырылған. Жекелер тартылып жатыр. Қазақстанға кәсіпкерлер көп үлес қосты. Байыңыздар, біз сіздерге жағдай жасап жатырмыз.

Еңбегіңіздің жемісін көргенде бір бөлігін халықпен бөлісіңіз. Сен көбірек берген сайын, Алла саған еселеп береді.

Аз қамтылған отбасыға, балаларға беріп жатсыңдар. Мектеп, балабақша салып жатсыңдар. Ол үшін сендерге алғыс айтамын», - деді президент.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?