Ауыр дертті жеңген қос ғашықты клипіне түсірген Ернар Айдар көпшілікті жылатты (фото, видео)

Ауыр дертті жеңген қос ғашықты клипіне түсірген Ернар Айдар көпшілікті жылатты (фото, видео)

Жантүршігерлік жол апатына түсіп, барша көрермендерін алаңдатқан Ернар Айдар жаңа клипін жарыққа шығарып үлгерді. "Күнім, сен сөнбеші" әнінің сюжеті шынайы өмірден алынған және ондағы кейіпкерлер өз бейнелерін сомдайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәрлен мен Әнелді көпшілік біледі. Бойынан жеті бірдей дерт табылып, он рет ота жасатқан қыз тағдырына көндігіп, күресуден шаршай бастағанда оған күш беріп, өмірмен күресуді үйреткен сүйіктісі Мәрлен болатын.

Ауыр дертті жеңген қос ғашықты клипіне түсірген Ернар Айдар көпшілікті жылатты (фото, видео)

"Ата-ана, жақын-жуық, дос-жаранның үміті үзіліп, Əнелдің өзі де тағдырына тəн беріп, Алланың жазған дертіне дес беріп, жеңіле жаздағанда Мəрлен ғана "жоқ, сен өмір сүруің керек!" деп, Əнелін арқалап, кислородын қолтықтап жүріп сүйгенінің дертіне шипа іздеді. Күн-түн отырып ем іздеп, интернет кезді, талай дəрігердің есігін қақты. Тауы шағылса да, Құдайдан үміттері үзілмеді. "Адамдар тəтті ұйқыға кеткенде Құдаймен "байланысқа" шығатынмын, таң атқанша дұға жасап, "Əнелімді қалдыршы" деп жалбарынатынмын" дейді. Шынашақтай ғана баланың сүйгені үшін жасаған ерлігіне қарап отырып жылағың келеді", - деп жазады бұл жұп туралы белгілі продюсер Әлия Құдайбергенова.



Әнелде сүйіктісінің өзіне қандай жағдай болмасын қолдау көрсететініне шексіз разылығын білдіріп, оны "Алланың жіберген періштесі" деп атаған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?