БҚО-да қала тұрғындары көшеге қазақ батырының атын беруге қарсы шықты

БҚО-да қала тұрғындары көшеге қазақ батырының атын беруге қарсы шықты

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғындары Кеңес дәуірінен келе жатқан екі көшенің атын ауыстыруға қарсы шықты деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жергілікті жұрт шаһардағы Юбилейная және Элеваторная деген екі көшенің атауының ауысуына қарсы болған. Қала әкімдігінен келген арнайы топ Юбилейная көшесінің атын 18-ғасырда осы өңірде өмір сүріп, ерлікпен көз жұмған Жолбарыс батырдың есімін бермек болыпты. Алайда №5 мектепке жиналған Юбилейная көшесінен келген 23 тұрғын бір ауыздан қарсы шықты. Заң аясында дауыс беру арқылы шешімін табады деген көшенің жаңа атауы сол қалпы өзгермейтін болып келісілді.

БҚО-да қала тұрғындары көшеге қазақ батырының атын беруге қарсы шықты

Себебі, көшеге Жолбарыс батырдың есімін беру жөніндегі ұсынысты бір ғана адам, яғни батырдың ұрпағы Жолдығали Батырханов есімді азамат өзі ұсынып, өзі ғана қолдаған. Тұрғындармен ұзақ уақыт керіскен әкімдік қызметкерлері ақыры жеңіліп тынып, көшеге батырдың есімі берілмесе де №5 мектеп ауданына оның ескерткішін қоюға әрең рұқсат алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Дархан Боранбай
    0 + 0 -
    өз жерімізде тұрып жер атауын қазақшаландыруға шамамыз келмей жатыр, масқара-ай! Неғып 1 қазақ емес, көп қазақ қолдау көрсетпеген? Бұл мәселені әкімшілік, қазақ тұрғындар қайта қолға алуы тиіс, ел қорғаған батырлар есімі ел есінде қалуы тиіс!
  2. Ажар Кумисбекова
    0 + 0 -
    Сумдык мунда отырганнын бари орыстар гой