Астаналық әнші әйелді туған қызы "алаяқ" деп сотқа берді (фото)
Астаналық әнші келіншек әрі әлеуметтік желінің жұлдызы Сандуғаш Жұмабектің үстінен қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданына келіп түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Instagram мен Facebook желісінде түрлі көйлек киіп, тойда ән айтқан фотосын жүктеп, Алланы аузынан тастамайтын келіншекті бірнеше азамат сотқа берді. Әншіні сотқа берушілердің ішінде оның туған қызы да бар.
Атышулы істе Сандуғаш Жұмабектің құйтырқы әрекетін әшкерелеу үшін қарсы куәгер ретінде туған қызы мен сіңілісі жауап бергелі жатыр. Әнші әйелдің туған қызы Әсем Мұқатайдың айтуынша Сандуғаш Жұмабек Жезқазған қаласы бойынша 14 үйді 2 миллион 200 мың доллар кепілге қойған. Одан басқа туыстарына 89 млн теңге қарызы бар. Сондай-ақ, Форте Банкке 64 млн, Альянс банкке 84 млн бережақ екен. Осы ретте күдікті әйелдің мұнша ақшаны қашан, қалай және кімнен, не үшін алғанын білу үшін туған сіңілісі Ақбөпе Аяшовадан сұқбат алған едік.
«Сандуғаштың заңды тегі «Жұмабек» емес Кентаева. Ол алғашқы алаяқтығын 1995 жылы бастады. Құрбыларының барлығы шалқыған бизнесмен, бай еді. Солардан қалмас үшін ұсақ-түйек саудамен айналысты. Артынша оны місе тұтпай «үлкен мейрамхана ашамын» деп жұрттан жаппай қарызға ақша алған. Оның барлығын анамның атына жаздыртып, алдап қол қойғызып алыпты. Жезқазғандағы Рыбачи деген ауылда үлкен коттеджіміз бар болатын.
Ел-жұрт қарызын сұрап, жағамызға жармасып, осы үйді алып қойды. Кейін ақша жинап әке-шешем қала шетінен жаңадан үй салып бастаған, соның құжатын алып кетіп, банкке кепілдікке қойып жіберіпті. Осылайша ініміздің де пәтерін жоқ қылды. Үш баспанадан айрылғаннан ініміз күйзеліске ұшырады, қазір аурушаң. Соңғы үйді осыдан 6 күн бұрын банк тартып алған соң әке-шешеміз далада қалды. Қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Жастары болса жетпістен асқан. Сандуғаш туған ата-анасын ғана емес, менің де екі бөлмелі пәтерімді, туған қызы Әсемнің баспанасын банкке қойып, ақша алған. Оған алданған жұртта есеп жоқ. Қазір күйеуі жүйкесі тозып, аурушаң болып қалды. 20 жыл бойы соның қарызынан құтыла алмай келеді, оңай емес»,- деді Сандуғаштың туған сіңлісі Ақбөпе Аяшова.
Гипноздап тастайды
"Сандуғаш сөздің майын тамызып сөйлейді. Мен әпкемді ел-жұртты «гипноздайды-ау» деп ойлаймын. Себебі, алданған адамдардың барлығы пәтерлерінің құжатын, қомақты қаржыны қалай беріп қойғанын білмейді. Тіпті «қарызымды қайтар, сотқа берем» деп отырған адам Сандуғаш үйіне келсе, етін асып, шайын беріп, құдайы қонақ қылып күтеді. Әке-шешем де солай. "Үйімді қайтар" деп жылап отырады. Сандуғаш бірдеңе айтса, жандары ашып «қан қысымы көтеріліп кетер ме екен?» деп аяп кетеді. Мен пәтерімді даулап сотқа берейін десем, шешем жылап көнбегесін көз жасын сыйладым. Бірақ алданған халық үшін қорықпай сотқа барып, қарсы куәлік етуге дайынмын. Менің мақсатым - әпкемді соттату емес, қаңғып қалған әке-шешемнің баспанасын қайтару. Маған басқа ештеңе қажет емес, мен үшін ол «жоқ» адам" , - дейді сіңлісі Ақбөпе.
Туыстарға ғана 3 миллион доллар қарыз
Сандуғаш Жұмабектің (Кентаева) туған қызы Әсем Мұқатаева да туған анасының бұл қылығынан әбден шаршап, үстінен сотқа арыз түсіргенін айтады.
"Туған анам деп айтуға аузым бармайды, намыстанамын. Осы күнге дейін бетіне қарамап едім, қазір қас жауыма айналды. Енем екеуміз бірігіп, үстінен Астана сотына шағымдандық. Себебі, ол кісі біздің екі бөлмелі екі пәтерімізді алып қойды. Енемді алдап екі бөлмелі пәтеріңді сатып, төрт бөлмелі үй алуға көмектесемін деп семін хат жасатып алған. Сенім хатпен жүріп, бір пәтерімізді бізге білдірмей 70 мың долларға сатып жіберген, екіншісін банкке кепілге қойған. Ай сайын бізге 160 000 (жүз алпыс мың) теңге несие келіп отыр.
Бір жыл бойы төленбегендіктен, банк қызметкерлері күнде келіп қорқытып, үйді босатындар деп жатыр. Онымен қоса, анам қарыз алған кісілердің барлығы үйге келіп қорқытып, мазамызды алады. Сол кісінің қарызы үшін бізді барлығы «алаяқ» көреді. Барлығынан шаршап кеткендіктен, сотқа арыз түсірдік. Енем елден ұялып: «Сотқа арыз бермеймін. Қарызыңды өзің төлеп, ана пәтерді не үшін сатқаныңды айтшы?! Көмектесу керек болса оны жасырма», - деп адамшылық та жасады. Түк нәтиже жоқ. Бүтін бір отбасы тығырыққа тіреп, бала-шағасының бәрін қарызға батырды. Анам алдаған адамдар да есеп жоқ. Тек туыстарымызға ғана 3 миллион доллар қарыз екен", -дейді Сандуғаштың туған қызы Әсем.
Бәріңді соттатамын
Ел-жұртты зар илеткен келіншектен істің ақ-қарасын білу үшін әлеуметтік желідегі парақшасына шығып, хат жаздық. Алайда, Сандуғаш Жұмабек барлығын «жала, өтірік» деп мойындамады. Осы жайлы толық айтып беруін өтінгенімізде қарғап-сілеп, "соттатып жіберемін" деп қорқытып бақты.
Тағы бір айта кетерлігі, Сандуғаш Жұмабектен зардап шеккен жандар 20 жыл бойы бірнеше мәрте құзырлы органга арызданғанмен, барлығы сотқа жетпей тоқтап қалып отырған.
Туған сіңілісі мен қызының пайымынша, күдікті әйел тергеушілерді қомақты қаржыға сатып алып, қылмыстық істі әдейі жаптырады. Алданған жұрттың соңғы үміті Астана қаласының Есіл ауданының сотында. Олар істі қарайтын судья әділ шешімін береді деп сенеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?