Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жалақы мөлшері өсті
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде жалақы, зейнетақы және жәрдемақы көлемі өсті деп хабарлайды Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Біріншіден, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 1,5 есеге өседі, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды.
Жаңа жылдан бастап ЕТЖ 42 500 тг құрайды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды.
Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35%-ға өседі.
Сонымен бірге, 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылған жағдайда барлық жәрдемақы алушылар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшері республикалық бюджеттен ұқсас төлемдерді индекстеу деңгейіне сәйкес 5%-ға арттырылды.
Бұл еңбекке қабілетінен айырылғанына байланысты 88,3 мыңға жуық әлеуметтік жәрдемақы алушыға және асыраушысынан айырылған 50,1 мың әлеуметтік жәрдемақы алушыға қатысты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, ынтымақты зейнетақы 7%-ға, базалық зейнетақы 5%-ға өсті.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі ынтымақты зейнетақы — 36 108 тг, ең төменгі базалық зейнетақы — 16 037 тг құрайды.
Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% тең БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері де өзгерді.
2019 жылы БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері — 16 037 тг құрайды.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлем алуға құқығы бар азаматтар осындай ең төменгі зейнетақы ала бастады.

Ұлттық экономика министрлігінің дерекеріне сәйкес, ЕТЖ өсірудің нәтижесінде 6 млн-нан астам жалдамалы жұмыскердің иемденетін табысы салықтан босатылатын кіріс көлемінің ұлғаюы есебінен жылына 15 мың теңгеге дейін өседі.
Сонымен бірге, 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылған жағдайда барлық жәрдемақы алушылар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшері республикалық бюджеттен ұқсас төлемдерді индекстеу деңгейіне сәйкес 5%-ға арттырылды.
Бұл еңбекке қабілетінен айырылғанына байланысты 88,3 мыңға жуық әлеуметтік жәрдемақы алушыға және асыраушысынан айырылған 50,1 мың әлеуметтік жәрдемақы алушыға қатысты.
Еңбекке қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 15,9 мың теңгеден 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 20,6 мың теңгеден 21,7 мың теңгеге дейін өсті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, ынтымақты зейнетақы 7%-ға, базалық зейнетақы 5%-ға өсті.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі ынтымақты зейнетақы — 36 108 тг, ең төменгі базалық зейнетақы — 16 037 тг құрайды.
Осылайша, міндетті зейнетақы аударымдарын енгізгенге дейін зейнеткерлік демалысқа шыққан ерлер мен әйелдер үшін ең төменгі зейнетақы 52 145 тг құрайды.
Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% тең БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері де өзгерді.
2019 жылы БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері — 16 037 тг құрайды.
Ең төменгі ынтымақты, базалық және жинақтауыш компоненттерді қосқанда, 68 182 теңгеге тең зейнетақы төлемдерінің ең төменгі жиынтық мөлшері шығады.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлем алуға құқығы бар азаматтар осындай ең төменгі зейнетақы ала бастады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?