file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Желіде базадағы ҰБТ сұрақтарын сататын алаяқтар пайда болды (фото)

Желіде базадағы ҰБТ сұрақтарын сататын алаяқтар пайда болды (фото)

Алматы тұрғыны Дидар Марданов әлеуметтік желілердің бірінен ҰБТ сұрақтарының дұрыс жауаптарын сататын парақшаны жолықтырған. Олар түлектерге жоғары бал жинауға көмектесетін көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ер адам Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Білім министрлігі әлеуметтік желіде ұлттық тестілеу жүйесін алдауға көмектесетін қосымшаның тарап жатқанын біле ме? Алаяқтардың ісі сияқты көрінді. Аталған ақпаратты зерттеп, шара қолдануға кеңес беремін", - деп жазған алматылық скриншоттарды көрсете отырып.

Ақпарат бойынша, программаның сатушылары оны 1500 теңгеге бағалаған және жеңілдіктер жасап, туған күн иелеріне жартылай бағаға сататын көрінеді.

Желіде базадағы ҰБТ сұрақтарын сататын алаяқтар пайда болды (фото)

Төлемді Qiwi-кошелек арқылы қабылдайды.



Оның үстіне, сатушылар тұтынушыларымен белсенді араласып, программаның ерекшеліктері мен төлеу механизмін түсіндіреді.



Оның үстіне, парақшада алғыс білдірген тұтынушылар хаттарының скриншоты жарияланған.




Білім және ғылым министрлігінің Tengrinews.kz -тің ресми сұранысына берілген жауабында, базадағы тапсырмалардың қандай жолмен түскенін білмейтіндері айтылған. Министрліктің де, Ұлттық тестілеу орталығының да тест тапсырмаларын сатумен айналыспайтынына сенімді болуды атап өткен.

Сондай-ақ, мекеме тесттер мен дұрыс жауап кодтары мемлекеттік құпия болып табылатынын, желіде сатылған хаттар туралы факті ҰҚК қызметкерлеріне тапсырылатынын жазған.

БҒМ алаяқтық немесе құқық бұзушылық туралы факті қызметтік тексерістен кейін анықталатынын жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды