Айдана Меденова өзінің тұрмыста екеніне қарамастан сөз айтатын жігіттерге жауап берді

Айдана Меденова өзінің тұрмыста екеніне қарамастан сөз айтатын жігіттерге жауап берді

Танымал әнші Айдана Меденова желіге хат жазып, мазасын алатын жігіттерге жауап берді деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы ол НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты.

Айдана Меденованы бейтаныс жігіттер мазалап жүр. Ғаламторда хат қалдырып, танысуға әрекет жасайтын ер азаматтар, әншінің тұрмыста екенін де ескермейтін көрінеді.

Өмірлік жарын жолықтырып, бір қыздың анасы атанса да, Айданаға сезімін білдірген серілердің саны толастар емес. Ғаламторда хат жазып, тұрмыстағы сұлу келіншекке түрлі ұсыныс жасап, таң қалдырғандар жетерлік.

"Әр түрлі адамдар болады. Кейбіреулер тіпті қызық жағдайларға кетеді… Меніңше ол жақсылыққа апармайды. Ондай танысуларға қатты мән бермеймін. Ешқандай мағынасы жоқ сіздердің хаттарыңыздың мен үшін. Өз бақыттарыңызды табыңыздар", - деді Айдана.

Айдана сезімін білдірген жігіттерге, енді ән арқылы жауап беріп жүр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен