Шетелдік ғалымдар Қазақстан халқының қашан байып кететінін болжады

Шетелдік ғалымдар Қазақстан халқының қашан байып кететінін болжады

Шетелдік ғалымдар жаһандық жылыну Қазақстан халқын бай етеді деген болжам жасады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Стэнфорд пен Калифорния университетінің ғалымдары жаһандық жылыну Қазақстан, Ресей, Канада және өзге де солтүстік елдеріне оң әсер ететініне сенімді.

Әлем елдерінің дені бұл табиғи құбылыстан 23% пайызға кедейлене түсетін болса, Қазақстан керісінше, байлыққа кенеледі екен.

Берклидегі Калифорния университетінің профессоры Соломон Сяннің айтуынша, жаһандық жылынудан қатты зардап шегетін елдер - Африка мен Азия елдері.

Егіншілік әлем бойынша құлдырай түскенде, солтүстік жарты шарда керісінше, жауын-шашын молынан болмақ. Мәселен, өткен жылдың жазында Қазақстанда жауын-шашын әдеттегіден үш есе көп түскен.

Нәтижесінде астық өнімі 23,7 млн тоннадан асып, 2015 жылмен салыстырғанда 4 млн тоннаға көбейді. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 2050 жылы Қазақстанның орташа температурасы алты градусқа дейін жоғарылайды.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?