Оқытушы: Қазақстандық мектептер мұғалім үшін тозақ

Оқытушы: Қазақстандық мектептер мұғалім үшін тозақ

Қазақстандық ұстаз мектептердегі былықты айтып, оқу ордасын тозақ деп атады. Өзінің жанайқайын жеткізген мұғалімнің хатын Pandaland.kz-ке сілтеме жасап Қамшы порталы жазды.

Жасы 30-дағы ағылшын пәнінің оқытушысы айналысып жатқан ісіне көңілі толмайтынын айтады.


"Ата-аналар ашуға мініп ғаламторда моральдық шығынды өтеп алу үшін қаржы өндіріп алатынын жазып, қорқытпақ болғанда көңілім босайды. Себебі оларда ақша жоқ. Қазақстандағы мектептегі мұғалімінің өмірі – жүйке жұқару мен кедейшілікте өтеді. Оқытушы кәсібін сауапты іс дейтіндер мені кінәләйтін болар. Бірақ сауапты іс пен жоғары мақсаттар туралы оқытудың алғашқы жылында-ақ ұмытып кетесің.

Менің ойымша мұғалімдікке бос уақыты көп немесе жалғыз басты, отбасын құру, балалы болуды қаламайтын адам баруы керек. Өздеріңіз түсініп отырғандай аталмыш нұсқалардың барлығы мүмкін емес. Ондай адам жоқ.

Менің жасым 30-да. Орта мектепте ағылшын тілінен сабақ беремін. Менің жеке өмірім де, артық ақшам да жоқ, айналысып жатқан ісіме қанағаттанбаймын. Қазақстандық мұғалімдер дөрекі мұғалімдер мен есерсоқ басшыларға, білім жүйесіндегі бейберекетсіздікке қарсы тұруға талпынып жүрген, ешқандай құқығы жоқ адамдар.

Балалардан бастайық. Мен алғаш мектепке мұғалім болып орналасқанда балаларды барынша қызықтыруға тырыстым. "London is the capital of Great Britain" деуден арыға бармайтын мұғалімдерге қарағанда, мен де басқа оқыту әдісі болды. Сүйікті ағылшын әндерін оқушылармен бірге аудардым. Оқушылар қызықты ағылшын телехикаяларын субтитрмен көре алу үшін, барлық жаттығуларды аз уақыттың ішінде жасауға тура келді. Балалар маған келіп олармен ағылшын тілінде сөйлесуіміді сұрайтын. Олардың көзі жанып тұрды!

Олар «қызықты ағылшын» тілі пәнінінің уақытын ұзартып, зеріктіретін ағылшынды мүлде алып тастауымды сұрады. Отандық авторлардың сапасыз кітаптарын оқығысы келмеді. Авторлар қазіргі заманның адамдары. Алайда оқыту әдісі ескіріп кеткен. Мен жоғары сыныптың мұғалімі болсам да, кітаптар мектепке дейінгі балаларға арнап жазғандай әсер қалдырады. Балалар әртүрлі болады. Оқушылардың жеткіншек кезеңін, гормондар басқа да мәселелерді ескеру қажет.

Сеніңіздер, мен өте түсінігі мол мұғаліммін. Көз жассыз болмады. Бұған 9-шы сыныпта оқитын сүйкімді қыздар себеп болды. Оқушылардың бірі үнемі сабаққа кешігіп келіп, сабақ кезінде белсенді болмағандықтан және пән бойынша ешқандай білімі болмағандықтан сәйкесінше тоқсанның соңында қанағаттанарлық баға қойдым. Мұны білген ата-анасы бүкіл мектепке жанжал шығарып, сотпен қорқытты. Мен бұған дейін сенген директорым мені шақырып алып, бағаны төртке түзетуімді сұрады.

«Бізге артық бас аурудың қажеті не? Әкесінің байланыстары мықты» деді директор сыбырлап. Шынымен де өздерінің еркетотай балаларына бағаны сатып алып беретін «Үлкен» адамдарға қарсы не істей аламыз? Ендігі тоқсанда «ақылды» оқушыға төрт қойғаным оның сабаққа мүлде келмеуіне құқық берді. Құдайға шүкір, оқушылардың көбі үйінде жақсы тәрбие алғандар. Олар бұл жағдайға түсіністікпен қарады.

Енді график жөнінде. 24/7 – бұл біздің ұран. Олимпиада, сенбіліктер, мәдени шаралар, қағазбастылық, ата-аналарға хабарласу, жиналыстар. Бұған мұғалімге ақша бермейді. Мұғалімдерге сағаты мен өз жетекшілігіңе сынып алсаң күлкілі сыйақылар береді. Комисся - бұл бөлек тақырып... бізге тиіспеуі үшін сыйлыққа ақша жинаймыз. Ол жасырын түрде жүреді. Біздің мектепке кінә таға алмайсың. Егер ешқандай жабдық болмаса, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлмесе, еден жуушыларға 50 мың теңге берсе, не деп кінәләуға болады? Біз онымен қоймай сыйлық жасаймыз.

Жалғыз «артықшылыққа» ие топ бұл – зейнет жасындағы мұғалімдер. Олар бұл жұмыстардың арқасында азғантай қуанышқа ие болады. Көптен күткен зейнетке шығу уақыты оларға көптен күткен зейнеткерлік, мансап және репетиторлықпен айналысуға мүмкіндік беретін жұмыс өтіл. Міне сыйақы деген осы.

Жастарға өсуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Осы жылы мен жұмыстан шығамын және бұл тозаққа қайтып оралуға ешқандай ниетім жоқ. Оқушылар сағынатынын айтып жатыр. Әрине мен де оларды сағынамын. Бірақ қайтесің тек махаббатпен ғана өмір сүре алмайсың.

Сондықтан қымбатты ата-аналар, біз туралы жаман пікір білдірердің алдында, біздің орнымызда болып көріңіздер. Сіздер бір сағатта бұл жерде тұра алмайсыздар. Ал ай соңында мардымсыз ақшаны көргенде жылап жібересіздер. Айыптамаңыздар! Оданша балаларыңызды байқұс қазақстандық мұғалімдердің еңбегін сыйлауды үйретіңіздер", -  деп ойын түйіндейді ұстаз.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО KP.RU САЙТЫНАН АЛЫНДЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?